Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Атырауда музыка майталманы Орақ Жауырұлының 80 жылдығы аталып өтті

Атырауда музыка майталманы Орақ Жауырұлының 80 жылдығы аталып өтті

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Құрмет» орденінің кавалері, Атырау облысының «Құрметті азаматы» Орақ Жауырұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Өнер – өмірдің өнегелі өрісі» атты салтанатты шығармашылық кеш өтті.

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен өткен кештің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карима Сахарбаева жүргізіп, Орақ Жауырұлының өнегеге толы өмір жолы мен өнердегі дара қолтаңбасын кеңінен баяндады.

Кеш көрермендеріне Орақ Жауырұлының шығармашылық мұрасы мен өмірлік ұстанымын айшықтайтын «Өнер – өмірдің өнегелі өрісі» атты жаңа кітабы таныстырылды. Кеш барысында өнер қайраткеріне «Құрметті профессор» атағы табыс етілді. Сондай-ақ, «Алып қыран» орденімен марапатталып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Атырау облысы әкімінің құттықтау хаты табысталды. 

Салтанатты шараға еліміздің мәдениет майталмандары арнайы қатысып, мерейтой иесіне деген ыстық ықыластарын білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанның «Халық әртісі» Айтқали Жайымов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахат Мадреев, Еркін Шүкіманов, Нұржан Жанпейіс, Еркін Нұрымбетов және Нұрлан Бекенов кештің қадірлі қонағы болды. Сонымен қатар, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсат Алмас пен жергілікті өнер саңлақтары сахнаның сәнін келтірді.

Орақ Жауырұлы 1945 жылы Томарлы ауылында дүниеге келген. Гурьев музыкалық училищесін және Құрманғазы атындағы консерваторияда оқығаннан кейін туған қаласына оралып, көп жыл бойы Дина Нұрпейісова атындағы оркестрде және музыкалық училищеде жұмыс істеді. Кейін Құрманғазы атындағы музыка мектебінің директоры болып, "Нарын" және Д.Нұрпейісова атындағы оркестрлерге жетекшілік етіп, қазақ халық музыкасын Қазақстанда және одан тыс жерлерде насихаттады.

Жергілікті композиторларды қолдаумен қатар, ол өзінің де күйлерін шығарды. Оның ішінде басынан өткерген ауыр қайғыны жеңуіне көмектесіп, күш-жігерін жинауға арқау болды.

Алма Қалусариева

Видео Атырау облысы мәдениет басқармасынан

Бүгін, 14:04

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары