Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ертіс бойындағы елді мекендерге биыл 977 қандас көшіп келуі керек. Квотаға іліккендерге қандай көмек түрлері тиесілі?
Бұл сұраққа өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова жауап берді.
Оның айтуынша, көшіп келушілерге мемлекет тарапынан көптеген материалдық көмек түрлері қарастырылған.
- Ең әуелі көшуге арналған субсидия - отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем, одан соң тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуге арналған субсидия (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) төленеді.
Оған қосымша экономикалық ұтқырлық сертификаты (1625 АЕК мөлшерінде) да көшіп келушілерге тиесілі, - дейді басқарма басшысы.
Жыл сайын қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес елді мекендер тізімі бекітіледі.
Бұл жерде көшіп келуші қоныстанатын елді мекенді өзі таңдайтынын ескерген жөн.