Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Биыл Павлодар өңірі мыңға жуық қандасты қабылдайды

Биыл Павлодар өңірі мыңға жуық қандасты қабылдайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ертіс бойындағы елді мекендерге биыл 977 қандас көшіп келуі керек. Квотаға іліккендерге қандай көмек түрлері тиесілі?

Бұл сұраққа өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова жауап берді.

Оның айтуынша, көшіп келушілерге мемлекет тарапынан көптеген материалдық көмек түрлері қарастырылған.

- Ең әуелі көшуге арналған субсидия - отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем, одан соң тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуге арналған субсидия (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) төленеді. Оған қосымша экономикалық ұтқырлық сертификаты (1625 АЕК мөлшерінде) да көшіп келушілерге тиесілі, - дейді басқарма басшысы.

Жыл сайын қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес елді мекендер тізімі бекітіледі. Бұл жерде көшіп келуші қоныстанатын елді мекенді өзі таңдайтынын ескерген жөн. Қандастарымыз көбіне ол жерде туыстары мен таныстарының көп болуына маңыз береді.

Мәселен былтыр облысқа 1016 қандас көшіп келген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей және т.б. мемлекеттерден қоныс аударған. Көші-қон органдары соңғы жылдары Қытайдан атамекенін іздеп келіп жатқандар саны арта түскенін айтады.

Атап өтерлігі, ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша 2025 жылы өңірге 1422 адам көшіп келген. Олар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларына, сондай-ақ Железин, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарына орналастырылған.

- Ішкі көші-қон аясында келгендердің ішінен жұмысқа қабілетті 632 адам бар, оның ішінде 176 адам жұмыспен қамтылды (5 адам жеке кәсіп ашты, 23 адам мемлекеттік грант алды). Жұмысқа қабілетті 545 қандасымыздың 113-і жұмыс орындарына тұрса, 11 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Өзгелерін жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар қолға алынған, - деп мәлімдеді Самал Қадырова.

Жалпы 2017 – 2025 жылдары облысқа 5726 адам қоныстанған.

Еске сала кетейік, қоныс аударғандарға берілетін тұрғын үй сертификаты 7 млн теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары