“Біз берілмейміз“. Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады

19.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның ешқандай күш алдында бас имейтінін мәлімдеді. Ол Иранның жаулары зымырандардың, бомбалар мен ұшақтардың көмегімен елді "бағындыра" алмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның ешқандай күш алдында бас имейтінін мәлімдеді. Ол Иранның жаулары зымырандардың, бомбалар мен ұшақтардың көмегімен елді "бағындыра" алмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз берілмейміз", - деді ол. Дегенмен Пезешкиан Иранның келіссөздерді лайықты түрде жүргізіп жатқанын алға тартты.

"Біздің құқығымыз, қисынымыз бен дәлелдеріміз бар, біз өз еліміздің мүддесін батыл қорғай аламыз және халқымыздың қолдауымен оның құқықтарын қорғайтын боламыз", - деді Масуд Пезешкиан.

Сонымен қатар "Хатам әл-Анбия" орталық штабының қолбасшысы, генерал-майор Әли Абдуллахи АҚШ пен оның одақтастарын Иранға қатысты тағы да стратегиялық қателіктер жібермеуге шақырды. Ол Тегеранның Ислам Республикасына жасалған кез келген жаңа шабуылға бар күш-қуатымен батыл жауап беретінін ескертті.

"Біз АҚШ пен оның одақтастарына стратегиялық қателіктер мен мүлт кетушіліктерге бұдан былай жол бермеуді тағы да ескертеміз. Олар Иран мен оның қарулы күштері сақадай сай екенін және қазір бұрынғыдан да қуатты екенін білуі тиіс. Олар жау тарапынан жасалған кез келген жаңа шабуылға батыл, ауқымды және бар пәрменімен жауап береді", - деді Абдуллахи. Оның сөзін ирандық Fars агенттігі келтіреді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ бейбіт келісімге қол жеткізу үшін 19 мамыр, сейсенбіге жоспарланған Иранға жасалатын шабуылды кейінге қалдырғанын хабарлаған болатын.

Сонымен бірге Ақ үй басшысы америкалық әскерилерге Иранға қарсы кең ауқымды шабуылға дайындалуды бұйырды. Егер тараптар қолайлы келісімге келе алмаса, бұл шабуыл басталады, алайда ол нақты мерзімдерді атаған жоқ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью