Боао Азия форумына қатысты

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Боао Азия форумының 25-конференциясына қатысып, елдің ашық экономика мен орнықты даму қағидаттарына бейілділігін растады.

Сурет: primeminister.kz

Форум аясында көлік-логисти­калық байланыстарды кеңейту, инвестициялық ынтымақтастық­ты күшейту мен бірлескен өнер­кәсіптік жобаларды дамыту мәсе­лелері талқыланды. Сондай-ақ Қытайдың Хайнань провинция­сымен өңіраралық әріптестік­ті тереңдету жолдары қарастырыл­ды. Ауқымды жиынға Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафарова, Шри-Ланка Парламентінің спикері Джагат Викрамаратне мен әлемнің 60-тан астам елінен келген жоғары деңгейдегі өкілдер қатысты.

Маңызды іс-шара аясында Роман Скляр Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты коми­тетінің төрағасы Чжао Лэцзимен арнайы кездесіп, пікір алмасты. Чжао Лэцзи қытай тарапы елімізбен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына айрықша мән беретініне тоқталды. Бұған қоса, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің одан әрі өркендеуіне бағытталған бас­тамаларына қолдау білдірді.

Форумды Боао Азия форумының директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун ашып, жаһандық геосаяси шиеленіс, қарулы қақтығыстардың көбеюі мен орнықты дамуға төнген қауіптер жағдайында халықаралық қоғамдастық күш-жігерін бірік­тірудің маңызы туралы айтты. Өзара сенімді нығайту, өңірлік интеграцияны тереңдету мен әлемдік экономиканың ашықтығын сақтау мәселелеріне басымдық берілді.

«Жоғары деңгейдегі диалог: жаһандық белгісіздік жағдайына айқындық енгізу» сессиясында сөз сөйлеген Роман Скляр еліміз ашық экономика қағидатына берік екенін жеткізді. Ол халықаралық ынтымақтастықты күшейту, көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мен Азия мен Еуропа арасындағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі елдің рөлін арттыру мәселелеріне тоқталды. Бұған қоса жаһандық экономикалық сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу қажеттігіне назар аударды.

Жұмыс сапары барысында Роман Скляр Хайнань провин­циясы халық үкіметінің төр­ағасы Лю Сяоминмен кездесті. Кездесуде сау­да-экономикалық және инвестиция­лық байланыстарды кеңейту, туризм мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, тікелей әуе қатынасын жолға қою мен өңіраралық ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды. Роман Скляр еліміз индустриялық аймақтар мен көлік-логистикалық инф­рақұрылымды дамыту бағытын­дағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап отырғанын айтты.

Өз кезегінде Лю Сяомин Хайнань провинциясы Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін жеткізіп, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға дайын екенін білдірді.

Сапар аясында Роман Скляр жетекші қытай компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, мұнай-химия мен көмір химия­сы, металлургия, машина жасау салаларындағы инвестициялық ынты­­мақтастықтың келешегін тал­қы­лады. Тараптар жүзеге асырылып жатқан жобалардың жай-күйін қа­­рас­тырып, өндірістік кооперация­ны кеңейту мүмкіндіктерін саралады.

Роман Скляр жаңа Конститу­циялық өзгерістер инвестициялық әріптестікті жандандыруға әрі бірлескен ірі жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Үкімет бірлескен бастамаларды қолдауға әрі олардың тиімді жүзеге асуына қажетті жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында қытай­лық компаниялар өндірістік әрі тех­­нологиялық кооперацияны кеңей­туге, сондай-ақ Қазақ­стан аумағын­да өнім өндіруді жергіліктендіру деңгейін арттыруға ниетті екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью