Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін, 9 шілденің күндізгі сессиясында U19 жас санатында ширек финалдық бәсекелер өтті.
Нәтижесінде Мадира Жұмақан (48 келіге дейін) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, 1/2 финалға өтті.
Ал Жадыра Қалтай (51 келіге дейін) және Марал Төлепберген (54 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, кешкі сессияда Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Жасмин Абрамян (60 келіге дейін), Алтынгүл Аймұхан (75 келіге дейін) шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер Астана уақытымен 15:00-де басталады.