Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы санкциялаған халықаралық бокс турнирі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған додада ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанты, Қазақстан Республикасының бокстан спорт шебері Бауыржан Әли тәжікстандық боксшы Раджабой Ахмедовпен төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының жоғары дайындық деңгейі мен тәжірибесінің арқасында бірінші раундтың 57-секундында қарсыласына ауыр соққылар дарытып, техникалық нокаутқа түсірді. Нәтижесінде, төрешілер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, Бауыржан Әли жеңіске жетті.
Бұл жеңіс – қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің әлемдік бокс аренасындағы беделінің биік екенін айқындай түсті.