Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласынан сот арқылы жер телімі алынбақ. Сот процесі жаздың аяғында басталады. Талап арызды кім бергені және жауапкерлер қатарында кімдер бар екені туралы Tengrinews.kz материалында.
Болат Назарбаевтың балаларын кім және не үшін сотқа берді?
"Сот кабинетінде" Болат Назарбаевтың отбасына қатысты жаңа іс пайда болды. Талап арызды Қарасай ауданының прокуроры түсірген. Іс бойынша Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі және үш компания жауапкер ретінде тартылды.
Олардың бірі – Kurylys LTD компаниясы. Болат Назарбаев осы компания арқылы Алматыдағы "Алтын Орда" базарына иелік еткен.
Сонымен қатар талап арызда Болат Назарбаевтың әйелі, ұлы Нұрбол және тағы 13 баласы жауапкер ретінде көрсетілген (олардың мүддесін сотта заңды өкілдері қорғайды).
Сот кабинетіндегі құжаттың скриншоты
Ескерту: Редакция талап арызда көрсетілген Болат Назарбаевтың барлық баласының есімін әдейі жарияламайды, өйткені олардың бір бөлігі кәмелетке толмаған және жария тұлға емес.
Прокуратураның соттан сұрайтыны:
"Жер телімін сатып алу-сату шарттарын және қабылдап алу-тапсыру актісін жарамсыз деп тану".
Әзірге сот құжаттарында бар ақпарат осымен шектеледі. Жер Болат Назарбаевтың балаларына нақты қалай өткені және неге мәміле жарамсыз деп танылуы керек екені белгісіз. Мән-жайы әзірге ашылған жоқ.
Сот қашан болады?Сот талап арызды өндіріске қабылдап, азаматтық іс қозғады.
Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр – олар өз дәлелдері мен түсініктемелерін ұсына алады немесе қаласа дауды бейбіт жолмен шешіп көруге болады.
Алғашқы отырыс (тараптар мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтетін алдын ала әңгімелесу) тамыздың аяғына белгіленген. Одан кейін сот істі қараудың алдағы тәртібін анықтайды.
Болат Назарбаевтың балаларына қатысты алғашқы талап арыз емесБолат Назарбаевтың балалары бұған дейін де сотқа тартылған. "Сот кабинетінде" олар әлеуетті жауапкер болған бірнеше іс бар.
1. Бір талап арызды "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі берген. Ол Болат Назарбаевтың әйелі мен балаларынан "негізсіз баю" сомасын өндіруді талап етті. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот бастапқыда іс оның құзыретіне жатпайды деп санап, арызды қайтарған. Алайда апелляция бұл шешімнің күшін жойды. Сот бұл дау кәмелетке толмаған жауапкерлердің құқығына қатысты екенін көрсетіп, материалдарды мамандандырылған сотқа "мәні бойынша" қарау үшін қайтарды. Бұл процесс әлі аяқталған жоқ.
2. Екінші талап арызды Қазақстанның Қаржы министрлігі берді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-не, Болат Назарбаевқа және оның мұрагерлеріне, соның ішінде балаларына қарсы сотқа жүгінді. Комитет мәмілені жарамсыз деп тануды және шығынды өндіруді талап етті. Нақты қай мәміле туралы сөз болып жатқаны әзірге белгісіз.
Жауапкерлер қатарында қандай компания?Kurylys LTD компаниясы бұған дейін "Алтын Орда" базары төңірегіндегі сот дауларында аталған болатын.
2013 жылға дейін Kurylys LTD компаниясының 39 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болмаған. Бірақ "Алтын Орда" базары осы компанияға тиесілі еді.
Алайда 2013 жылы сот материалдарына сәйкес, компания төңірегінде жанжал туындаған. Сотта белгісіз адам базарды иесі Айдарбек Хусайыновтан тартып алып, Болат Назарбаевтың атына қайта жаздыруға әрекеттенгені айтылған.
Нәтижесінде компанияның үлестері Болат Назарбаевқа өткен. Бұл іс туралы толығырақ Tengri TV шығарылымынан білуге болады.
Енді Kurylys LTD жаңа іс бойынша жауапкерлер қатарында қайта пайда болды.
Болат Назарбаевтың ұлы бірнеше рет банкрот болғысы келгенБұл істермен қатар, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол банкроттық рәсімін бастап, миллиардтаған қарыздары бойынша төлемді бөліп төлеуге қол жеткізбек болған:
Нұрбол Назарбаев бұл процесті былтыр қыркүйекте бастамақ болған. Бірақ ол ойы іске аспады – сот істі қараусыз қалдырды. 2025 жылдың қысында Назарбаев бұл шешімге наразылық білдіріп, сот қаулысының күшін жою туралы шағым түсірді, бірақ тағы да бас тартылды. Ақпанда ол тағы да банкроттық туралы арыз берді. Бірақ наурызда тағы да беті қайтарылды.Қазір Нұрбол Назарбаевқа қатысты кем дегенде екі атқарушылық өндіріс бар. Оның мемлекет алдындағы жалпы берешегі 63,7 миллиард теңге.
61,8 миллиард теңге – ол мемлекетке қайтаруы тиіс қаражат. Осы соманың 55 миллиарды Арнайы мемлекеттік қорға түсуі керек. Бұл қорға қайтарылған активтерді сатудан түскен ақша және шетелге заңсыз шығарылып, кейін қайтарылған қаражат бағытталады. 1,6 миллиард теңге – сот процестері үшін мемлекеттік баж салығы.Яғни, қарыздың негізгі бөлігі – активтерді мемлекетке қайтару.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу