Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Болат Назарбаевтың 14 баласынан жерді сот арқылы қайтарып алуға тырысып жатыр

Болат Назарбаевтың 14 баласынан жерді сот арқылы қайтарып алуға тырысып жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласынан сот арқылы жер телімі алынбақ. Сот процесі жаздың аяғында басталады. Талап арызды кім бергені және жауапкерлер қатарында кімдер бар екені туралы Tengrinews.kz материалында.

Болат Назарбаевтың балаларын кім және не үшін сотқа берді?

"Сот кабинетінде" Болат Назарбаевтың отбасына қатысты жаңа іс пайда болды. Талап арызды Қарасай ауданының прокуроры түсірген. Іс бойынша Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі және үш компания жауапкер ретінде тартылды.

Олардың бірі – Kurylys LTD компаниясы. Болат Назарбаев осы компания арқылы Алматыдағы "Алтын Орда" базарына иелік еткен.

Сонымен қатар талап арызда Болат Назарбаевтың әйелі, ұлы Нұрбол және тағы 13 баласы жауапкер ретінде көрсетілген (олардың мүддесін сотта заңды өкілдері қорғайды).

Сот кабинетіндегі құжаттың скриншоты

Ескерту: Редакция талап арызда көрсетілген Болат Назарбаевтың барлық баласының есімін әдейі жарияламайды, өйткені олардың бір бөлігі кәмелетке толмаған және жария тұлға емес.

Прокуратураның соттан сұрайтыны:

"Жер телімін сатып алу-сату шарттарын және қабылдап алу-тапсыру актісін жарамсыз деп тану".

Әзірге сот құжаттарында бар ақпарат осымен шектеледі. Жер Болат Назарбаевтың балаларына нақты қалай өткені және неге мәміле жарамсыз деп танылуы керек екені белгісіз. Мән-жайы әзірге ашылған жоқ.

Сот қашан болады?

Сот талап арызды өндіріске қабылдап, азаматтық іс қозғады.

Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр – олар өз дәлелдері мен түсініктемелерін ұсына алады немесе қаласа дауды бейбіт жолмен шешіп көруге болады.

Алғашқы отырыс (тараптар мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтетін алдын ала әңгімелесу) тамыздың аяғына белгіленген. Одан кейін сот істі қараудың алдағы тәртібін анықтайды.

Болат Назарбаевтың балаларына қатысты алғашқы талап арыз емес

Болат Назарбаевтың балалары бұған дейін де сотқа тартылған. "Сот кабинетінде" олар әлеуетті жауапкер болған бірнеше іс бар.

1. Бір талап арызды "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі берген. Ол Болат Назарбаевтың әйелі мен балаларынан "негізсіз баю" сомасын өндіруді талап етті. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот бастапқыда іс оның құзыретіне жатпайды деп санап, арызды қайтарған. Алайда апелляция бұл шешімнің күшін жойды. Сот бұл дау кәмелетке толмаған жауапкерлердің құқығына қатысты екенін көрсетіп, материалдарды мамандандырылған сотқа "мәні бойынша" қарау үшін қайтарды. Бұл процесс әлі аяқталған жоқ.

2. Екінші талап арызды Қазақстанның Қаржы министрлігі берді. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-не, Болат Назарбаевқа және оның мұрагерлеріне, соның ішінде балаларына қарсы сотқа жүгінді. Комитет мәмілені жарамсыз деп тануды және шығынды өндіруді талап етті. Нақты қай мәміле туралы сөз болып жатқаны әзірге белгісіз.

Жауапкерлер қатарында қандай компания?

Kurylys LTD компаниясы бұған дейін "Алтын Орда" базары төңірегіндегі сот дауларында аталған болатын.

2013 жылға дейін Kurylys LTD компаниясының 39 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болмаған. Бірақ "Алтын Орда" базары осы компанияға тиесілі еді.

Алайда 2013 жылы сот материалдарына сәйкес, компания төңірегінде жанжал туындаған. Сотта белгісіз адам базарды иесі Айдарбек Хусайыновтан тартып алып, Болат Назарбаевтың атына қайта жаздыруға әрекеттенгені айтылған.

Нәтижесінде компанияның үлестері Болат Назарбаевқа өткен. Бұл іс туралы толығырақ Tengri TV шығарылымынан білуге болады.

Енді Kurylys LTD жаңа іс бойынша жауапкерлер қатарында қайта пайда болды.

Болат Назарбаевтың ұлы бірнеше рет банкрот болғысы келген

Бұл істермен қатар, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол банкроттық рәсімін бастап, миллиардтаған қарыздары бойынша төлемді бөліп төлеуге қол жеткізбек болған:

Нұрбол Назарбаев бұл процесті былтыр қыркүйекте бастамақ болған. Бірақ ол ойы іске аспады – сот істі қараусыз қалдырды. 2025 жылдың қысында Назарбаев бұл шешімге наразылық білдіріп, сот қаулысының күшін жою туралы шағым түсірді, бірақ тағы да бас тартылды. Ақпанда ол тағы да банкроттық туралы арыз берді. Бірақ наурызда тағы да беті қайтарылды.

Қазір Нұрбол Назарбаевқа қатысты кем дегенде екі атқарушылық өндіріс бар. Оның мемлекет алдындағы жалпы берешегі 63,7 миллиард теңге.

61,8 миллиард теңге – ол мемлекетке қайтаруы тиіс қаражат. Осы соманың 55 миллиарды Арнайы мемлекеттік қорға түсуі керек. Бұл қорға қайтарылған активтерді сатудан түскен ақша және шетелге заңсыз шығарылып, кейін қайтарылған қаражат бағытталады. 1,6 миллиард теңге – сот процестері үшін мемлекеттік баж салығы.

Яғни, қарыздың негізгі бөлігі – активтерді мемлекетке қайтару.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 13:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары