Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астана әкімдігі кезінде Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Fitnation спорт кешенін сатылымға шығарды. Спорт кешені қаншаға бағаланып отыр, оның қазіргі көрінісі және елорда әкімдігінің меншігіне қалай өтті – Tengrinews.kz материалында.
Сауда-саттықта не сатылып жатыр?
e-Qazyna.kz электронды сауда порталында Астанадағы Тұран даңғылы, 4/1 мекенжайында орналасқан Fitnation спорттық-сауықтыру орталығы сатылымға шығарылды.
Лот құрамына жалпы ауданы 4 мың шаршы метр болатын қосалқы құрылыстары бар ғимарат пен 510 жабдық кіреді.
Жер телімі лот құнына кірмейді.
Fitnation орналасқан жер. 2GIS деректері
Лотқа тіркелген суреттер көп емес – e-Qazyna.kz порталында бірнеше кадр ғана жарияланған.
Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Fitnation – бұрынғы премиум деңгейдегі фитнес-кешен. Ішінде кең жаттығу және кардио-аймақтар, бассейндер, спа-кешен, кеңселер орналасқан.
Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Лотқа тіркелген бағалау құжаттарынан табылған тағы бірнеше сурет.
Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Fitnation қаншаға сатылмақ?Лоттың бастапқы бағасы – 2 913 037 603 теңге. Сату электронды тендер форматында өтеді.
Анықтама: Электронды тендер - қатысушылар бағалық ұсыныстарын тізілімнің арнайы веб-парақшасындағы жабық электронды конвертке жүктеу арқылы жүргізілетін сауда нысаны.
Лотта оның бағалау құны 2,9 миллиард теңге, ал теңгерімдік құны 1,7 миллиард теңге екені көрсетілген.
Сауда-саттық 15 қазан сағат 10:00-де өтеді.
Ғимаратта тағы не болды?Fitnation мемлекет теңгеріміне өткеннен кейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту алаңына айналды.
Сол кезде қала билігі нысанның спорттық бағыты сақталатынын айтқан еді. Алайда ерекше балалардың ата-аналары мен жаттықтырушылар құрамы жаңа жеке иесі балаларды қолжетімді ортадан айыра ма деп қауіптенген болатын.
Жарияланған электронды тендер шарттарына сәйкес, сатып алушыға белгілі бір шектеулер расында енгізілген. Бірақ уақытша шектеу – бес жылға. Атап айтқанда:
Жаңа иесі нысанның негізгі қызмет түрін – халықты спортқа тарта отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын сақтауға міндетті.
Кешенді тек спорттық немесе дене шынықтыру-сауықтыру нысаны ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Боранбаев Fitnation желісінен қалай айырылды?Fitnation фитнес-клубтар желісі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша шығынды өтеу аясында мемлекет меншігіне өтті.
2023 жылдың қыркүйегінде сот Боранбаевты "ҚазТрансГаз" АҚ қаражатын жымқырғаны және жылыстатқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот оның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарып, мемлекеттік наградаларынан айыруды ұсынды.
Мемлекет пайдасына Боранбаевтан тәркіленген мүлік:
Алматы қаласындағы Esentai Mall сауда-ойын-сауық орталығы мен Esentai Tower бизнес-орталығының арасында орналасқан, құны 686 миллион теңге болатын жер учаскесі бар екі қабатты коммерциялық ғимарат.
Алматыдағы Esentai mall СОО мен Esentai tower бизнес-орталығы арасында орналасқан, құны 686 миллион теңге болатын жер учаскесі бар екі қабатты коммерциялық ғимарат. Halyk bank шотындағы 1,3 миллиард теңге; Halyk bank шотындағы 5,7 миллион доллар (2,7 миллиард теңге); Halyk bank шотындағы 1,17 миллион доллар (560 миллион теңге); Halyk bank шотындағы 756 миллион теңге; Halyk bank шотындағы 193 миллион теңге.Үкім шығардан бірнеше күн бұрын Боранбаев құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарғаны белгілі болды тұлғалардың тізбесі белгіленгенін атап өтті. Олардың қатарында:
өндірістік көрсеткіштері 143 ұңғыма болатын, 2,6 миллион тонна мұнай және 13,2 миллион текше метр газ қоры бар, бағалау құны 35,4 миллиард теңгелік "Қаражанбас Солтүстік" мұнай кен орны; тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын, нарықтық құны шамамен 14 миллиард теңге болатын "Азия Газ Чунджа" газ тарату компаниясы; мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеумен айналысатын, бағалау құны 9 миллиард теңгеден асатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" зауыты; Астана орталығындағы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын 4 жұлдызды қонақүй; "Алмалы" сауда-ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтар желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы жалпы құны 33,8 миллиард теңге болатын кеңселер.2023 жылдың қазанында келтірілген залал толық өтеліп, активтер мемлекетке қайтарылғаннан кейін сот Боранбаевтың қалған жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу