Бублик Вена турнирінің ширек финалында әлемнің 1 ракеткасымен кездесуі мүмкін

23.10.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 21-орында тұрған аргентиналық Франсиско Серундоломен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик 6:4 есебімен басымдылық танытты. Ол екінші сетте қарқынын үдетті – 6:2.

Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 11 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Серундоло 4 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін италиялықтар, әлемнің 1-ракеткасы Янник Синнер немесе рейтингіде 22-сатыдағы Флавио Коболлидің қай жеңгенімен таласады. 

А.Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 15-орынға көтеріліп тұр. Бұл оның жеке рекордтық көрсеткіші болмақ.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу (Қытай) WTA 250 турнирінің екінші айналымында рейтингіде 96-орындағы германиялық Элла Зайдельден жеңіліс тапты – 3:6, 2:6. Сөйтіп ол ширек финалдан тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Токио турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған едік

Сондай-ақ Бубликтің Алматыда ойнамай, артынша басқа турнирге қатысқаны жөнінде федерация жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью