Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Осыдан 33 жыл бұрын Қарулы күштерде инженерлік әскерлерді басқару органдарының жүйесі қалыптасты.
Осы кәсіби мерекеге орай, Қонаев гарнизонындағы 58/012 әскери бөлімінде баспасөз туры ұйымдастырылды.
Ардақ Айбарұлы, тілші: - Инженерлік-саперлік бригада командирлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алдымен әскери техникамен таныстырды.
Мұнда жауды жаңылдыру мақсатында пайдаланылатын үрлемелі техникалар мен түрлі қару-жарақтар қойылған.
Ал қашықтан басқарылатын мына құрылғы жарылғыш заттарды жоюға арналған. Ол жауынгерлердің басын қауіп-қатерге тікпеу мақсатында қолданылады.
Қазақстанның инженерлік әскерлері өз еліміз бен шетелдерде ұйымдастырылған түрлі оқу-жаттығулар мен миссияларға жиі қатысады.
Олар «Қазбат» бітімгершілік батальонының құрамында болып, жарылмаған оқ-дәрілерді іздестіру, табу, белгілеу және оларды жою жұмыстарын жүргізумен айналысады.