Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
2013 жылы жарық көрген жүзтомдық «Бабалар сөзінің» 90-томында жарияланған «Наурыз тойы» атты шағын жырда: «Ата-ана жүзіне, Нұр толыпты үзіле, Ырыс алды ынтымақ, Төрімізге тізіле», деген бір шумақ бар екен.
Осы орайда айтпағымыз, Наурыз мейрамының рухани тірегінің бірі – ынтымақ. Атамыз қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бекер айтпаған. Мысалы, бұл мейрам туралы Шәкәрім қажы: «Құл құрықтан, күң сырықтан» құтылатын күн», депті. Бұл ұғым жоғарыда айтқанымыздай, ынтымақ тұнған жерде теңдік болады, сөйтіп, құл құрықтан, күң сырықтан құтылады.
Семейлік өлкетанушы Молдабек Жанболатұлының 2009 жылы жарық көрген «Наурызнама» атты еңбегінің 16-бетінде: «Ертеде Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы сүйікті құлының біріне шапанын сыйға тартып, тағына отырғызып, бір күн ел басқартқаны жайлы аңыз бар. Түркі патшасы Ұлыс күні ұйымдастырылған мергендер сайысында жамбыны атып түсірген адамға бір күн ел билеуге ерік берген екен», деп жазады. Бұл тәмсіл жоғарыдағы «құл құтылар құрықтан, күң құтылар сырықтан» мәтінімен үндесіп тұр.
Қазақ ұғымында ынтымақтың өзегі – татулық. Татулық дегеніміз – қай заманда болсын қоғамды тұтастандырып тұратын керемет күш. Атам қазақ «татулық бар да ынтымақ пен бірліктің туы биік» деп бекер айтпаған. Сондай-ақ «ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген екен аталарымыз.
Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша Наурыз мерекесі күні ренжіскен адамдар бір-бірін кешірісіп, татуласады, жаңа жылға, жаңа күнге өткеннің барлық реніш-өкпесін тастап жаңа леппен, жаңа санамен кіреді. Бір жағынан бұл үрдіс қоғамдық жаңару, жаңғыруды тудыратындықтан «Наурыз – жаңару мейрамы» деген мазмұнға ие.
«Наурыз күні аузы дуалы ақсақалдардың алдында түзелмейтін іс, бітіспейтін дау, шешілмейтін шаруа болмайды. Осылайша, ел бірлігін сақтау, қауымның ынтымағын нығайту Наурыз тойының шын арқауы, өзекжарды міндеті» деп жазады семейлік наурызтанушы Молдабек Жанболатұлы «Наурызнама» атты кітабында.
Келесі кезекте есте болатын дүние – ынтымақтың бір саласы бірлік пен берекеге негізделген еңбек ету тұжырымдамасы. Бұл ұғым Наурыз мейрамының рухани өзегінің негізгі ұстыны дер едік.
Наурыз туғанда жердің тоңы жібиді, қыстай қатқан қар-мұзы ериді, сай-сала суға, жер беті нуға толады. Бұл уақыт ырзығы жерден өнген бұқара үшін еңбек мейрамы. Яғни диқандар егіс алаңын түзейді, арықтарға су жібереді, жаңадан жеміс ағаштарын отырғызады дегендей...
Аталарымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген тәмсілдері жоғарыдағы наурыз тұжырымымен үндесіп жатыр.
– Наурыз туғанда, – деп жазады наурызтанушы Серік Ерғали. – Аталарымыз жаңа жылды жаңа күшпен, яғни ынтымақ бірлікпен бастап, ауыл ақсақал-дарының ұйғарымымен кезектесіп әр ауылға жиналып, наурызкөже ішіп, құдық аршу, бұлақ, тұма, бастаудың көзін ашу, атызды тазарту, арық қазу, қора-жайды түзеу, жылқы таңбалау, түйе күзеу, үй тұрғызу, киіз басу, алаша тоқу, арқан есу, қалып құю, там көтеру сынды бірлі-жарым адамның қолынан келмейтін шаруаларды көптің көмегімен атқара жүріп тойды жалғастырған, – деген сөзі рас. Ал рас сөз ешқашан да жалған емес.
Соңғы жаңалықтар
Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Кәсіпкер • Бүгін, 09:15
Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер
Digital • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Дәстүр • Бүгін, 09:00
Наурыздың рухын асқақтатқан ән
Наурызнама • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Таным • Бүгін, 08:45
Мирас • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:30
Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл
Экономика • Бүгін, 08:25
Кәсіпкер • Бүгін, 08:20
Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз
Қоғам • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:10