Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Бұқараны біріктіретін мейрам

Бұқараны біріктіретін мейрам

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

2013 жылы жарық көрген жүзтомдық «Бабалар сөзінің» 90-томында жарияланған «Наурыз тойы» атты шағын жырда: «Ата-ана жүзіне, Нұр толыпты үзіле, Ырыс алды ынтымақ, Төрімізге тізіле», деген бір шумақ бар екен.

Осы орайда айтпа­ғы­мыз, Наурыз мейра­мының рухани тірегі­нің бірі – ынтымақ. Атамыз қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бе­кер айтпаған. Мысалы, бұл мейрам туралы Шәкәрім қажы: «Құл құрықтан, күң сырықтан» құтылатын күн», депті. Бұл ұғым жоғарыда айтқанымыздай, ынты­мақ тұнған жерде теңдік болады, сөйтіп, құл құрықтан, күң сырықтан құтылады.

Семейлік өлкетанушы Молда­бек Жанболатұлының 2009 жылы жарық көрген «Наурызнама» атты еңбегінің 16-бетінде: «Ертеде Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы сүйікті құлының біріне шапанын сыйға тартып, тағына отырғызып, бір күн ел басқартқаны жайлы аңыз бар. Түркі патшасы Ұлыс күні ұйым­дастырылған мергендер сайысында жамбыны атып түсірген адамға бір күн ел билеуге ерік берген екен», деп жазады.  Бұл тәмсіл жоғарыдағы «құл құты­лар құрықтан, күң құтылар сырық­тан» мәтінімен үндесіп тұр.

Қазақ ұғымында ынтымақтың өзегі – татулық. Татулық дегеніміз – қай заманда болсын қоғамды тұтастандырып тұратын керемет күш. Атам қазақ «татулық бар да ынтымақ пен бірліктің туы биік» деп бекер айтпаған. Сондай-ақ «ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген екен аталарымыз.

Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша Наурыз мерекесі күні ренжіскен адамдар бір-бірін кешірісіп, татуласады, жаңа жылға, жаңа күнге өткеннің барлық реніш-өкпесін тастап жаңа леппен, жаңа санамен кіреді. Бір жағынан бұл үрдіс қоғамдық жаңару, жаңғыруды тудыратындықтан «Наурыз – жаңару мейрамы» деген мазмұнға ие.

«Наурыз күні аузы дуалы ақсақалдардың алдында түзелмейтін іс, бітіспейтін дау, шешілмейтін шаруа болмайды. Осылайша, ел бірлігін сақтау, қауымның ынтымағын нығайту Наурыз тойының шын арқауы, өзекжарды міндеті» деп жазады семейлік наурызтанушы Молдабек Жанболатұлы «Наурызнама» атты кітабында.

Келесі кезекте есте болатын дүние – ынтымақтың бір саласы бірлік пен берекеге негізделген еңбек ету тұжырымдамасы. Бұл ұғым Наурыз мейрамының рухани өзегінің негізгі ұстыны дер едік.

Наурыз туғанда жердің тоңы жібиді, қыстай қатқан қар-мұзы ериді, сай-сала суға, жер беті нуға толады. Бұл уақыт ыр­зығы жерден өнген бұқара үшін еңбек мейрамы. Яғни диқандар егіс алаңын түзейді, арық­тарға су жібереді, жаңадан жеміс ағаштарын отырғызады дегендей...

Аталарымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген тәмсілдері жоғарыдағы наурыз тұжырымымен үндесіп жатыр.

 – Наурыз туғанда, – деп жазады наурызтанушы Серік Ерғали. – Аталарымыз жаңа жылды жаңа күшпен, яғни ынтымақ бірлікпен бастап, ауыл ақсақал-дарының ұйғарымымен кезектесіп әр ауылға жиналып, наурызкөже ішіп, құдық аршу, бұлақ, тұма, бастаудың көзін ашу, атызды тазарту, арық қазу, қора-жайды түзеу, жылқы таңбалау, түйе күзеу, үй тұрғызу, киіз басу, алаша тоқу, арқан есу, қалып құю, там көтеру сынды бірлі-жарым адамның қолынан келмейтін шаруаларды көптің  көмегімен атқара жүріп тойды жалғастырған, – деген сөзі рас. Ал рас сөз ешқашан да жалған емес.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Digital • Бүгін, 09:10

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары