Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бақылаусыз бюджет бұқараны тоздырар

Бақылаусыз бюджет бұқараны тоздырар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұлай деуге себеп бар, құ­қық қорғау органдары тай­ға таңба басқандай бұлтартпас де­ректер мен дәйектерді анықтап отыр. Ақмола облысының биыл­ғы бюджеті жүздеген миллиард тең­гемен өлшенеді. Бұл – мектеп, ау­рухана, жол, жылу, жарық, тұр­ғ­ын үй, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым сияқты аса маңызды міндеттерге жұмсалуға тиіс халықтың қаржысы. Сон­дық­тан бюджеттің бүйірі ұлғайған сайын оны тиімді жоспарлау мен әр жұмсалатын теңгенің қайда кеткенін бақылаудың маңызы да арта түспек.

Бірақ прокуратура орган­да­ры­ның жүргізген тексерістерінің қо­рытындысы жырым-жырым бол­ған бюджет қаражатының та­лан-таражға салынғанын анық­тап берді. Мәселен, бір жерде мем­­лекеттік-жекеменшік әріп­тес­­тік жобасы бойынша тауар ба­­­­ғасы нарықтағы құнынан ед­ә­уір жоғары белгіленіп, мем­ле­кет­ке 126 млн теңге қай­тарылған. Екін­­ші жағдайда Көкшетаудағы Қо­па көлінің жағалауын абат­тан­дыруға бөлінген қаражатқа қа­тысты 170 млн теңгеден астам сома бойынша сот үкімі шықты. Үшінші іс бойынша әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бөлінген 211 млн теңгеге қатысты тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ қада­ға­лау органының тегеурінді әре­ке­ті­нің арқасында экологиялық ша­раларды жоспарлау кезінде бюд­жеттен бөлінген 1,6 млрд тең­геден астам қаржының тиімсіз жұм­салуына жол берілмеген.

Бұлтартпас айғақтармен анық­­талған бұл деректің бар­лы­ғын бір қатарға қойып, «бюджет қаржысы шетінен жоғалып жатыр» деу дұрыс та болмас. Өйткені олардың құқықтық мәртебесі әртүрлі. Бір бөлігі толықтай тер­геліп-тексерудің нәтижесінде анық­талған заңбұзушылықтар бол­са, бір бөлігі соттың қарауына түскен қылмыстық істер. Енді бірі әлі полиция және құқық қорғау органдары тергеп жатқан істер болса, тағы бір бөлігі – қар­жы жұмсалмай тұрып-ақ қад­а­ға­лау органының қырағылы­ғының ар­қасында алдын алған тиімсіз жос­парлаулар.

Мәселен, Көкшетаудағы кө­ше жарықтандыру жобасына қа­тыс­ты прокурорлық тексеру осы сұ­рақтың бір қырын айқын көр­сет­ті. Қалалық прокуратура «Көк­­­шетау қаласының көшелерін жа­­­рықтандыру» мемлекеттік-же­кеменшік әріптестік жобасын тал­дау барысында материалдар мен жабдықтардың экономи­ка­лық негіздемесі тиісті деңгейде жүр­гізілмегенін анықтап шықты. Тер­геу барысында белгілі болғ­а­нын­дай қуаты 120 ваттық бір жа­рық шамының шартты бағасы 80 мың теңге болған. Ал прокуратура жүргізген тексеріс дәл сол шам­ға нарықтық баға шамамен 52 мың теңге болып шықты. Осы айырмашылықтың өзі жобаның құ­нын 126 млн теңгеге негізсіз арт­тыруға әкелгенін паш еткен. Нә­тижесінде 126 млн теңге мемлекет кірісіне кері қайтарылған.

Шикілікке толы іс таусылар емес

Жылдар бойы «жыр» болып ақыры жергілікті би­ліктің тегеурінімен салынып  біт­кен Қопа көлінің жағалауын абат­тандыруға қатысты іс те бұ­дан ауыр сипат алған. Ақмола об­­лысының прокуратурасы мәлі­ме­тінше, 2026 жылғы 20 сәуірде Көкшетаудағы Қопа көлінің ж­­а­ғалауын салу жұмыстары ке­зін­де бюд­жет қаражатын 170 млн тең­геден астам сомаға жымқыруға қа­тысты үш бірдей адамға сот үкі­мі шыққан.

Аталған іс бойынша бұрынғы Көкшетау қаласы әкімдігінің тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық бөлімінің басшысы, тех­ни­ка­лық қадағалау өкілі және мер­ді­гер ұйымның басшысы басты фи­гуранттар болған. Прокуратура деректеріне сенсек, қылмыс 2020 жылы жасалып, қомақты қаражат кейін заңдастырылғаны айтылған. Сот әрқайсысына түрлі мерзімге бас бостандығынан айы­ру жазасын тағайындаған.

Құқық қорғау органдарының өзін айтарлықтай әурелеген әлеу­меттік тұрғын үй құрылысына қа­тыс­ты тағы бір істің құқықтық мәр­тебесі мүлде бөлек. Ақмола об­лысы бойынша Қаржылық мо­ниторинг агенттігінің депар­та­мен­ті прокуратураның үйлестіруі­мен Көкшетауда әлеуметтік осал топ­тарға арналған тұрғын үй құ­рылысына бөлінген бюджет қа­ра­жатының жымқырылуына қа­тыс­ты тергеу жүргізіп жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жы­лы құрылыс бөлімі мен мер­дігер компания арасында құны 1 млрд теңгеден асатын келісім жасалған. Тергеу нұсқасы бойынша, мердігер аванс алу үшін жал­ған азаматтық-құқықтық жауап­кер­шілікті сақтандыру шарттарын ұсынған болып шықты. Нә­тижесінде 211 млн теңге ауда­рыл­ғанымен, құрылыс сол күйі аяқталмаған және нысан пайда­лануға берілмеген.

Қаржылық мониторинг органы ресми ұсынған дерегінде бұл қа­ражаттың жеке қажеттілікке, контрагенттермен есеп айыры­су­ға және қолма-қол ақшаға айнал­дыруға жұмсалғаны туралы күдік бар екенін хабарлады. Қазір кү­дік­ті ұсталып, тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына байланысты тер­геу­дің өзге мән-жайлары жарияланбайды деген мәлімет алдық.

Бұл жерде де түпкілікті қо­ры­тынды жасауға әлі ерте екені түсінікті. Өйткені тергеу нә­­­­тижесі мен сот шешімі күтілуі тиіс. Бірақ «бақандай 211 млн тең­ге аванс ретінде аударылған­нан кейін нысанның құрылысы неге тиісті деңгейде бақылауға алынбады?» деген заңды сұрақ бәрібір ашық қалады.

Экология саласы да бы­лық­тан таза емес. Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 2026 жылға арналған экологиялық ш­аралардың бюджеттік жоспар­ла­рын талдаған. Тексеру нәтиже­сін­де 4 іс-шара бойынша жалпы со­масы 1,6 млрд теңгеден астам қа­ра­жаттың тиімсіз жоспарланға­ны анықталған.

Мәселен, жер қойнауын пай­да­ланушылардың қызметінен кейін бұзылған аумақтарды қал­пына келтіруге қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 55 млн теңге қарастырылған болып шық­ты. Алайда қолданыстағы та­лап­тарға сәйкес, жер қойнауын пай­даланушы мұндай салдарды өз қаражаты есебінен жоюы тиіс. Про­куратураның қадағалау актісі нә­тижесінде бұл қаражаттың тиім­­сіз жоспарлануына жол бе­ріл­меген.

Бұл орайда жоғарыда аталған іс­терден мұнда маңызды айырма­шы­лық бар екені айдан анық. Өйткені бюджет қоржынындағы қо­мақты ақша әлі жұмсалып үл­гер­меген.

Мәселенің ауқымын тек прокуратура анықтаған бірнеше факт арқылы бағалау жет­кіліксіз сияқты көрінеді. Сон­дықтан басқа да қаржылық ба­қы­лау жөніндегі құзырлы органдар ресми түрде жария еткен деректерге үңіліп көрдік. Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдарының бұрынғы есептерінің бірінде алты айда 47 аудиттік іс-шара барысында 10 млрд теңгеден астам сомаға заң­бұзу­шылықтар анықталған. Оның ішінде 1,8 млрд теңге қар­жы­лық заңбұзушылықтарға, 6,711 млрд теңге рәсімдік бұзу­шы­лықтарға, сондай-ақ 1,5 млрд тең­геден астамы мемлекеттік са­тып алу заңнамасын өрескел бұзу­ға қатысты болған.

Бұл деректің 2025 жылдың қаң­тар-маусымына қатысты еке­нін ерекше атап өткен жөн. Сон­дық­тан оны биылғы жағдайдың ті­келей көрсеткіші ретінде қарас­тыра алмаймыз. Бірақ ол өңірдегі бюджет тәртібін бақылауда түйт­кілді мәселенің жаңадан пайда болмағанын көрсетеді.

Ал осы жылдың бірінші жар­ты­жылдығында облыс прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау бағытында мемлекетке 4,4 млрд теңге мүлік қайтарылғанын, бюджет қаражатының 3,7 млрд теңге көлемінде тиімсіз пайдаланылуы­на жол берілмегенін және бюджетке 1,3 млрд теңге өндірілгенін хабарлады.

Ақмола облысының әкімі Ма­рат Ахметжанов 2025-2027 жыл­дарға арналған бюджет тал­қы­лау кезінде жоспарлау сапасына арнайы тоқталған. Сол жиында ол жобаларды іске асыру кезін­де әкімдер мен басқарма басшылары тарапынан тиісті бақылау­дың болмауына да назар аударды. Сонымен бірге жобаларды цифр­ландыру арқылы ашықтықты қам­­тамасыз ету қатаң тапсырыл­ған еді.

Бұл ұстаным 2026 жылғы нақ­ты жағдайлармен салыстырғанда түйткілдік түйінін тарқатуға аса қа­жет екені айтпаса да түсінікті. Се­бебі бюджет мәселесінде ең бас­ты көрсеткіш – қаржыны жыл соңына дейін түгел игеру емес, қара­жаттың іс жүзінде халықтың игілігі үшін жаратылуы.  

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:53
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 14:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары