Бурабайдағы қонақүй кешендерінің бірінің аумағынан өрт шықты

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Видеодан алынған кадр

Өрт туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Қолданушылар оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады. Құтқарушылар келгенге дейін қызметкерлердің бірі ғимараттан шығып үлгерген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа уақытта сөндірді. Жалпы аумағы 80 шаршы метр ғимараттың 50 шаршы метрі отқа оранған. Құтқарушылар өрттің көршілес нысандарға, соның ішінде қонақүй ғимаратына таралуына жол бермеді.

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды, әсіресе адам көп жиналатын орындарда электр құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам құтқарылды

Айта кетейік, Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью