Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
«Amanat» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау.
Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Президент өз Жолдауында және Ұлттық құрылтайдың V отырысында барлық салада инновациялық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша ауқымды міндеттер қойғанын атап өтті.
Өз кезегінде Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия Президент саясатын жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде еліміз цифрландыру бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Яғни БҰҰ индексіне сәйкес, Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша 24-орында тұр.
«Цифрландыру мен жасанды интеллект – тек салалық мәселе ғана емес, тұтас елдің дамуына ықпал ететін ауқымды, серпінді бағыт. Мемлекет басшысының өзі бұл саладағы іргелі істерге тікелей бастамашы болып, ерекше бақылауында ұстап отыр. Жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект халқымызға, еліміздің болашағына жұмыс істеуі керек. Әр азамат, әр отбасы, күллі қоғам оның пайдасын сезінуі қажет. «Amanat» партиясы Президентіміздің қоғамдық-саяси тірегі ретінде осы жұмыстың алдыңғы шебінде жүруге тиіс», деді ол.
Мәжіліс спикері «Amanat» партиясы жаңа цифрлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар бастаманы жүйелі жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, «Цифрлық қоғам» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтып, цифрлық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтарды цифрлық технологияларды күнделікті өмірде қауіпсіз әрі саналы түрде қолдануға үйрету бағытында қолға алынып отыр. Жоба аясында тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда осал тобына – зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға, жұмыссыз азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға ерекше назар аударылады.
Өтініштерді өңдеудің бірыңғай цифрлық жүйесін енгізу және кеңес беру мақсатында чат-боттарды пайдалану арқылы «Қарызсыз қоғам» жобасы тың серпін алды. Тек былтырдың өзінде бұл жоба аясында 800 мыңнан астам адам оқудан өтіп, заңгерлік қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар «Amanat» партиясы фракциясының депутаттары Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын әзірлеуге бастамашы болды. Бұл құжаттар елімізде жасанды интеллектіні, платформалық экономиканы және ауқымды деректермен жұмыс істеуді дамыту үшін заманауи құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Талқылау барысында қатысушылар «Amanat» партиясы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу ісінде мемлекет, қоғам, сарапшылар мен бизнестің күш-жігерін біріктіруге тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта партия жанынан цифрлық комиссар позициясын құру туралы ұсыныс айтылды. Бұл лауазымға Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева ұсынылды.
Мұндай қоғамдық лауазым цифрлық ортада азаматтардың құқығын қорғау тетігіне айналып, жаңа цифрлық жағдайда әрдайым адам жағында болады. Цифрлық комиссар еліміздің барлық өңірінде IT саласындағы дарынды жастарды қолдау жұмысын үйлестіріп, шалғай ауылдарды интернетпен қамту барысына бақылауды күшейтеді.
Өз кезегінде, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік және қаржы секторларындағы цифрлық трансформацияның жоғары қарқынын атап өтті. Ол тұрғындардың цифрлық сауатын арттыру мақсатында Жасанды интеллект министрлігі мен «Astana Hub» ел аумағында оқыту курсын өткізу ісінде партияға қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.
Отырыс барысында бірқатар мазмұнды ұсыныс айтылды. Мәселен, халықаралық IT-сарапшы Андрей Биклемишев цифрландыру, ең алдымен, деректер сапасы мен кадрлық әлеуетке тікелей тәуелді екенін атап өтіп, өңірлерде әлі де деректерді қолмен енгізу тәжірибесі мен маман тапшылығы сақталып отырғанына назар аударды.
Қазақстан IT-қауымдастығының төрағасы Айымгүл Әбілова инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін кеңейту және саладағы экономикалық дауларды қылмыстық сипаттан арылту қажет екенін айтты.
Қостанай облысы ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Кашиевтің пікірінше, қалалардағы ірі өзгерістер алдын ала цифрлық ортада модельденіп, өңірдің бірыңғай цифрлық архитектурасына енгізілуі қажет. Солай бола тұра, «ақылды қалалар» мен «ақылды өңірлер» тұжырымдамалары әр аумақтың ерекшелігін ескеріп, бейімдеуге болатын үлгілік цифрлық шешімдер кітапханасына сүйенуге тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін партия мүшелеріне, серіктестер мен сарапшыларға Алғысхаттар табысталды.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, салалық ведомстволардың өкілдері, сарапшылар және цифрлық жобалардың жетекшілері қатысты. Онлайн форматта өңірлер мен партия филиалдарының өкілдері талқылауға қосылды.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50
Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба
Жастар • Бүгін, 08:48
Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды
Футбол • Бүгін, 08:45
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Жастар • Бүгін, 08:43
Теңге • Бүгін, 08:40
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Digital • Бүгін, 08:38