Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Amanat» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау.

Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Президент өз Жолдауында және Ұлттық құрылтайдың V отырысында барлық салада инновациялық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша ауқымды міндеттер қойғанын атап өтті.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия Президент саясатын жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде еліміз цифрландыру бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Яғни БҰҰ индексіне сәйкес, Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша 24-орында тұр.

«Цифрландыру мен жасанды интеллект – тек салалық мәселе ғана емес, тұтас елдің дамуына ықпал ететін ауқымды, серпінді бағыт. Мемлекет басшысының өзі бұл саладағы іргелі істерге тікелей бастамашы болып, ерекше бақылауында ұстап отыр. Жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект халқымызға, еліміздің болашағына жұмыс істеуі керек. Әр азамат, әр отбасы, күллі қоғам оның пайдасын сезінуі қажет. «Amanat» партиясы Президентіміздің қоғамдық-саяси тірегі ретінде осы жұмыстың алдыңғы шебінде жүруге тиіс», деді ол.

Мәжіліс спикері «Amanat» партиясы жаңа цифрлық мәдениетті қалыптастыруға ба­ғыт­­­тал­ған бірқатар бастаманы жүйелі жүзе­­ге асырып жатқанын атап өтті. Атап айт­­­қан­­­да, «Цифрлық қоғам» жобасы еліміз­­дің бар­лық өңірін қамтып, цифрлық сауатты­лық­ты арт­тыруға, сондай-ақ азаматтарды цифр­­­лық тех­но­логияларды күнделікті өмір­­де қауіп­­сіз әрі саналы түрде қолдануға үйре­­ту бағы­тында қолға алынып отыр. Жоба аясын­­да тұр­ғ­ын­дардың әлеуметтік тұрғыда осал то­бы­на – зейнеткерлерге, көпбалалы ана­лар­­ға, жұ­­мыс­сыз азаматтарға, ерекше қа­жет­­­ті­л­ігі бар адамдарға ерекше назар аударылады.

Өтініштерді өңдеудің бірыңғай цифрлық жүйесін енгізу және кеңес беру мақсатында чат-боттарды пайдалану арқылы «Қарызсыз қоғам» жобасы тың серпін алды. Тек былтырдың өзінде бұл жоба аясында 800 мыңнан астам адам оқудан өтіп, заңгерлік қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар «Amanat» партиясы фрак­циясының депутаттары Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын әзірлеуге бастамашы болды. Бұл құжат­тар елімізде жасанды интеллектіні, платфор­малық экономиканы және ауқымды деректермен жұмыс істеуді дамыту үшін заманауи құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Талқылау барысында қатысушылар «Amanat» партиясы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу ісінде мемлекет, қоғам, сарапшылар мен бизнестің күш-жігерін біріктіруге тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта партия жанынан цифрлық комиссар позициясын құру туралы ұсыныс айтылды. Бұл лауазымға Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева ұсынылды.

Мұндай қоғамдық лауазым цифрлық ортада азаматтардың құқығын қорғау теті­гіне айналып, жаңа цифрлық жағдайда әрда­йым адам жағында болады. Цифрлық комис­сар еліміздің барлық өңірінде IT сала­сындағы дарынды жастарды қолдау жұмысын үйлестіріп, шалғай ауылдарды интернетпен қамту барысына бақылауды күшейтеді.

Өз кезегінде, Премьер-министрдің орын­басары – Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрі Жаслан Мәдиев мем­лекеттік және қаржы секторларындағы цифр­лық трансформацияның жоғары қарқы­нын атап өтті. Ол тұрғындардың цифр­лық сауатын арттыру мақсатында Жасан­ды интеллект министрлігі мен «Astana Hub» ел аумағында оқыту курсын өткізу ісінде пар­тияға қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.

Отырыс барысында бірқатар мазмұнды ұсыныс айтылды. Мәселен, халықаралық IT-сарапшы Андрей Биклемишев цифр­лан­дыру, ең алдымен, деректер сапасы мен кадр­лық әлеуетке тікелей тәуелді екенін атап өтіп, өңірлерде әлі де деректерді қол­мен ен­­гізу тәжірибесі мен маман тапшыл­ығы сақ­­талып отырғанына назар аударды.

Қазақстан IT-қауымдастығының төраға­сы Айымгүл Әбілова инвестициялық ахуал­ды жақсарту үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін кеңейту және саладағы экономикалық дауларды қылмыстық сипаттан арылту қажет екенін айтты.

Қостанай облысы ақпараттандыру басқар­масының басшысы Азамат Кашиев­тің пікірінше, қалалардағы ірі өзгерістер алдын ала цифрлық ортада модельденіп, өңірдің бірыңғай цифрлық архитектурасы­на енгізілуі қажет. Солай бола тұра, «ақылды қалалар» мен «ақылды өңірлер» тұжырымдамалары әр аумақтың ерекше­лігін ескеріп, бейімдеуге болатын үлгілік цифрлық шешімдер кітапханасына сүйенуге тиіс.

Кездесу қорытындысы бойынша еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін партия мүшелеріне, серіктестер мен сарапшыларға Алғысхаттар табысталды.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, салалық ведомстволардың өкілдері, сарапшылар және цифрлық жобалардың жетекшілері қатысты. Онлайн форматта өңірлер мен партия филиалдарының өкілдері талқылауға қосылды. 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары