Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары

Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Өркениеттің көшін бастап тұрған мемлекеттер спорт пен саламатты өмір салтын ұлттық идеология дәрежесінде дәріптейді. Өйткені дені сау ұлт қана елдің тірегіне айналады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жол­дауында бұқаралық спортты дамыту елдің басым бағыты, ұлт саулығы үнемі назарда еке­нін тағы бір атап өтті. «Бар­шаңызға мәлім, мен бұқара­лық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақ­тарда спорт нысандары бой кө­те­ріп жатыр. Үйір­­­­мелер бала­ларға қол­­же­тім­ді бола баста­ды. Ерек­­ше қа­жеттілігі бар аза­­­маттарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласын­да оң өзгерістер болып жатыр. Мен бұған дейін ше­телден келген спорт­шы­ларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тап­сырма бердім. Депутат­тар бұл бастаманы қол­дап, арнайы заң қабыл­да­ды. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға ар­налған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шек­теліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек», деді Президент. 

Ұлт саулығын нығайтып, халықтың сергектігіне серпін беруде әлі де атқарылар шаруа шаш-етектен. Жақында Мәжілісте «Инфрақұрылым және қолжетімділік. Әлеуметтік серіктестік. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың өзекті мәселелері» тақы­рыбында дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиында бұқаралық спортты өрістетуге инфрақұрылымның тигізер ықпалы зор екені айтылды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Руслан Серғазин баяндама жасап, халыққа спорттың қолжетімділігін арттыру министрліктің басым бағытының бірі екенін атап өтті. Бүгінде елдегі спорт ғимараттарының саны 25 725-ке жетті. Оның ішінде: дене шынықтыру-спорт нысандары – 12 537, білім беру мекемелеріндегі залдар – 11 745, спорт мектептері – 1 443. Бұл әлі де жеткіліксіз.

– Былтырғы қорытындыға сүйенсек, халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу көрсеткіші 55,1%-ға жетті. 2020 жылы – 46,2%, 2021 жылы – 48,5%, 2022 жылы – 50%, 2023 жылы – 52,2% болатын. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар (69,4%), Жамбыл (68,3%), Қарағанды (66,6%) облыстарында. Астана қаласында (37,1%), Түркістан (41,5%), Қызылорда (46,2%) облыс­тарында орташа. Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталуға жақын. Инфрақұрылым оқу орнының ғана емес, сонымен қатар көпсалалы спорт, ғылыми орталықтың да игілігіне айналады. Нысан биылғы желтоқсан айында пайдалануға берілмек, – деді Р.Серғазин.

Туризм және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақтағы әкімдіктермен бірлесіп балаларды жеке дамыту орталықтарын ашуды қолға алды. Мысалы, Астанадағы Sana Sport орталығы. Құрылысына 56 млрд теңге жұмсалған кешенде бұқаралық, балалар спортын дамытуға ықпал ететін шығармашылық үйірмелер де жұ­мыс істейді. Заманауи спорт залдары мен жекелеген үйірмелер, сондай-ақ қала тұрғындарының да, кәсіби спортшылардың да жыл бойы су спорты түрлерімен айналысуына бағытталған QazSwimAcademy орталығы бар. Мұндай сан саланы қамтитын спорт кешендері бірқатар өңірде бой көтерді. Атап айтқанда, Қосшы қаласындағы көпфункционалды коммуналдық орталық, Көкшетау қаласындағы Болашақ сарайы, Павлодардағы «Alash Club» жеке оқу орталығы, Қарағандыда жұмысын бастаған «Apex Education Center». Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті. Жергілікті атқарушы органдармен тізе қосып спорт орталықтарын ашуға, оның ішінде мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы, жеке инвестициялар қаражатын тарту арқылы спорт нысандарын салу қолға алынды.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Министрлік 2029 жылға дейін спортпен тұрақты шұғылданушылардың үлесін 50%-ға, балалар мен жасөспірімдердің көрсеткішін 45%-ға жеткізуді көздеп отыр. Былтырғы қорытындыға сүйенсек, спортпен тұрақты түрде айналысатын азаматтардың үлесі – 41,4%, яғни 8,4 миллион адам саламатты өмір салтын ұста­нады. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі – 30,4%, демек 5,1 миллионнан астам бала бұқаралық спортты серік етіп келеді. 2023 жылы қабылданған Спортты дамыту тұжырымдамасы аясында да бірқатар жұмыс атқарылды. Тұжырымдама аясында мектептердегі 49 мыңнан астам секцияда 1,3 млн бала қамтылып отыр. Мектептен тыс 3 мыңнан астам секцияда 450 мың бала айналысады. Балалар-жасөспірімдердің 912 клубына 298 мың бала қатысады. 2021 жылдан бері енгізілген жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тетігі аясында биылдың өзінде 240 мың бала 7 мыңнан астам секцияға тегін қатысып келеді. Бұған жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді.

Елімізде 406 227 оқушы білім алатын 521 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, оның ішінде 138-і мамандандырылған. Спорт резервін даярлайтын оқу ошақтарында 15 468 жаттықтырушы-оқытушы бар. Бұдан бөлек олимпиада резервін даярлайтын облыстық 14, республикалық 5 мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері жұмыс істейді. Онда 6 572 спортшы білім алып жатыр.

Жыл сайын елде 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1,2 миллионға жуық адам қатысады. Бұқаралық спортты дамытып, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында марафондар, вело­жарыстар мен веломарафондар ұйымдастырылды. Түрлі фестиваль, отбасылық сайыстар, жаппай сырғанау сияқты іс-шаралар да халықтың асыға күтетін спорттық мерекесіне айналды. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай «Менің сүйікті спортым» бастамасы көптің қолдауын тапты. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алтайдан Оралға дейін 2 950 шақырымдық велошеруде 1 000-нан астам адам елорданы көктей, 7 облыс аумағын басып өтті. Олар жол жөнекей жас­тармен, студенттермен, жұмысшылармен кездесулер өткізіліп, саламатты өмір салты мен жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттады. Мемлекеттік қызметшілердің республикалық спартакиадасы, спорт ардагерлерінің форумы, балалар арасын­дағы түрлі деңгейдегі турнирлер, «Бурабай-2025» құзға өрмелеу фестиваліне де қатысушылар қатары артты.

Мәжіліс депутаты, Параволейбол феде­рациясының президенті Дүйсенбай Тұрғанов бұқаралық спортты дамытуда параспортпен шұғылданушыларға да баса көңіл бөлінгені жөн дейді.

– Параспорттан да біздің саңлақ­тарымыздың жетістігі қуантарлық. Жазғы Паралимпиада сайыстарынан да олжамен оралып жүр. Өкінішке қарай, халықтың параспорт туралы таным-түсінігі әлі де таяз. Біздің бапкерлер параволейбол спортына азаматтарды тарту мақсатында емханаларды да аралайды. Жалпы, насихат жұмысы кемшін соғып тұр. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, жазатайым оқиғадан зардап шегіп, аяғынан айырылған жастарды параволейбол спортына тартудың маңызы жоғары. Олардың да спортты серік етіп, сергек болуына мүмкіндік мол, – дейді Д.Тұрғанов.

Туризм және спорт министрлігі паралимпиялық, сурдлимпиялық спорт түрлерінен де үйірмелерді көптеп ашуды көздеп, бұл бағытта да кешенді жұмыс қолға алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға түзетулер енгізілді. Биылдан бас­тап кәсіби клубтарды ұстауға жұмсалатын бюджетке лимит қойылды. Қазақстан азаматы емес спортшыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді. «Спорттың басым түрлері» ұғымы нақтыланып, өңірлік тізбесі бекітілді.

Қашанда бұқаралық спортты нығай­тып, халықтың салауаттылығын арттыру инфрақұрылымға байлаулы. Қуанарлығы, спорт нысандарын салуда ілгерілеушілік байқалады. Былтырдың өзінде 90 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 61 кешен ауылдарда бой көтерді. Биылғы тоғыз айда 32 спорт кешені ашылды. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы бітеді.

Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 33,2 млрд теңгеге төрт спорт құрылысы жүріп жатыр. Мұның барлығы да ұлт саулығы жолындағы, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы ілкімді іс-шаралар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары