Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған | Qazaq24…
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады.
Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: parlam.kz «Президент жылдар бойы қордаланған және ай сайын ушығып бара жатқан жүйелі проблемаларды тек экономикалық жоспарларға ғана емес, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне де тікелей қатер төндіретін «коммуналдық айдаһарға» теңеді.
Президент атап өткендей, қазіргі электр энергиясын өндіру көлемі 123 млрд киловатт-сағат – ел үшін шекті деңгейге, ал кейбір аспектілерде қауіпті деңгейге жетті.
Біз цифрландыруды жеделдетуді, жасанды интеллектіні дамытуды және деректерді өңдеу орталықтарын салуды стратегиялық мақсаттар ретінде айқындадық.
Алайда, қазіргі заманғы дата-орталықтардың энергия тұтыну деңгейі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен тең екенін ескермесек, бұл міндеттерді іске асыру мүмкін емес.
Жаңа генерация көздері іске қосылмайынша, цифрлық трансформация бойынша ауқымды жоспарлардың нақты нәтиже бермеу қаупі бар», деді депутат.
Читать полностью
Читать новость