Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған

Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады. Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: parlam.kz

«Президент жылдар бойы қордаланған және ай сайын ушығып бара жатқан жүйелі проблемаларды тек экономикалық жоспарларға ғана емес, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне де тікелей қатер төндіретін «коммуналдық айдаһарға» теңеді.

Президент атап өткендей, қазіргі электр энергиясын өндіру көлемі 123 млрд киловатт-сағат – ел үшін шекті деңгейге, ал кейбір аспектілерде қауіпті деңгейге жетті. Біз цифрландыруды жеделдетуді, жасанды интеллектіні дамытуды және деректерді өңдеу орталықтарын салуды стратегиялық мақсаттар ретінде айқындадық. Алайда, қазіргі заманғы дата-орталықтардың энергия тұтыну деңгейі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен тең екенін ескермесек, бұл міндеттерді іске асыру мүмкін емес. Жаңа генерация көздері іске қосылмайынша, цифрлық трансформация бойынша ауқымды жоспарлардың нақты нәтиже бермеу қаупі бар», деді депутат.

Еділ Терекбайұлының айтуынша, бүгінде Қазақстанның бай ресурстық әлеуетіне қарамастан, энергетикалық жүйеміздің беріктік қоры ең төменгі шекке жетті, яғни ел іс жүзінде «энергетикалық тығырыққа» тірелді. Бұл ескірген технологиялармен жұмыс істейтін энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымның әбден тозуына және заманауи шешімдерді қолдана отырып, уақтылы жаңғыртылмауына байланысты.

«Мысалы, мұнай-газ секторын есептемегенде, еліміздегі көмір қоры 33 млрд тоннаға бағаланады, бұл тиімді пайдаланған жағдайда 3 ғасырға жетеді. Көршілеріміз көмір отынымен жұмыс істейтін экологиялық таза әрі икемді генерацияны игеріп үлгерді. Ал біз әлі күнге дейін зиянды әрі тиімсіз ескі технологияларды жамап-жасқап ұстап отыруға мәжбүрміз.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы көмір генерациясын дамытуды Ұлттық жоба деңгейіне шығару туралы нақты тапсырма берді. Әңгіме ескі, экологиялық тұрғыдан тиімсіз технологияларға қайта оралу туралы емес, тиімділігі жоғары және қоршаған ортаға түсетін салмағы минималды жаңа буын электр станцияларын салу туралы болып отыр», деді депутат.

Е.Жаңбыршинның сөзінше, экономиканы сенімді әрі тұрақты энергиямен қамтамасыз етпейінше, индустрияландыру нақты мазмұнынан айырылады, ал цифрландыру тек декларация күйінде қалу қаупі бар.

«Қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің бірі – стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалардың көп жылдар бойы қағаз жүзінде қалып, іс жүзінде жүзеге аспауы. Бұны жай ғана басқарушылық кешігу емес, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек. Қоғам жадында сақталған бірқатар оқиғалар бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетеді», деді Е.Терекбайұлы.

Депутат өз сөзінде, 2022 жылдың қысында Екібастұз қаласында жылу беру жүйесінде ірі апаттар болғанын және дәл сол кезеңде Риддер қаласында да осындай жағдай қайталанғанын тілге тиек етті. 

«Бұл деректер бұл жерде кездейсоқ оқиғалар емес, жылдар бойы жинақталған жүйелі проблемалардың көрінісі екенін дәлелдейді.

Өкінішке қарай, бүгінде мұндай алаңдатарлық белгілер әртүрлі аймақтарда қайталанып жатыр. Биылғы жылыту маусымында Ақтау және Теміртау қалаларында жылумен қамту мәселелері тіркелді. Әрбір осындай жағдай «коммуналдық айдаһардың» әлі де болса толық ауыздықталмағанын көрсетеді», деді депутат.

Мемлекет басшысы белгілеген 20 наурызға дейінгі мерзімді ескере отырып, Еділ Жаңбыршин осыған байланысты Роман Склярдан келесі мәселелер бойынша нақты әрі толық ақпарат беруді сұрады

«Бірінші. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу-электр орталықтарының құрылысы осы уақытқа дейін қандай себептермен басталмаған?

Екінші. Екібастұздағы ГРЭС-2-ні кеңейту жобасының қазіргі мәртебесі қандай және ГРЭС-3 құрылысын бастау қашан жоспарланған?

Үшінші. Курчатов қаласындағы электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін қандай нақты шаралар қабылданып жатыр?

Төртінші. Экологиялық жүктемені азайту үшін Ұлттық жоба аясында көмір генерациясының қандай заманауи технологияларын енгізу жоспарланып жатыр?

Бесінші. Мемлекет басшысы газ генерациясын дамытуды және гидроэнергетиканың игерілмеген әлеуетін тиімді пайдалануды энергия жүйесін теңгерімдеу, жүктеме ауытқуларын өтеу және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау құралы ретінде қарастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Үкіметтің осы бағыттарды дамыту бойынша қандай нақты жоспарлары бар?», деген сұрақтар қойды депутат Е.Жаңбыршин.

Депутаттың түйінді сөзінше, азаматтар мемлекеттің тиімділігін стратегиялық бағдарламалар мен есептерге қарап емес, өз үйлеріндегі тұрақты жылу мен жарыққа қарап бағалайды. Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бұдан былай кезек күттірмейді.

Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see118

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see117

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see117

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see116

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see116

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see115

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see114

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

05 Маусым 2026 14:23see110

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see110

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

05 Маусым 2026 17:31see110

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

05 Маусым 2026 09:45see110

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

04 Маусым 2026 13:01see110

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

05 Маусым 2026 10:48see110

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

05 Маусым 2026 13:24see109

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

05 Маусым 2026 15:22see109

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

05 Маусым 2026 12:03see109

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

04 Маусым 2026 14:27see108

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

05 Маусым 2026 13:41see108

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

05 Маусым 2026 08:07see107

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

04 Маусым 2026 21:35see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары