Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жанарбек Әшімжанов елдегі жол жүйесі туралы депуттаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады.
Депутат атап өткендей, елдегі жол жүйесі үздіксіз әрі сапалы болса ғана экономика дамып, өңірлердің өзара байланысы нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: parlam.kz «Ұлтымызда «Жол азабын жүрген біледі» деген терең мағыналы мәтел бар.
Бүгінде бұл сөздің шынайы мәнін күн сайын жолға шыққан қарапайым азамат та, жүк тасымалдап жүрген кәсіпкер де, ауыл мен қала арасында жүрген халық та айқын сезініп отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, көлік инфрақұрылымының жай-күйі тек салалық мәселе емес, ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың көрсеткіші.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – уақыт талабы екенін нақты атап өтті.
Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, жаңа жолдар салынып, ескі бағыттар кеңейтіліп жатыр.