Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Депутат: Жол саласы жүйелі мәселелерден әлі арыла алмай отыр

Депутат: Жол саласы жүйелі мәселелерден әлі арыла алмай отыр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жанарбек Әшімжанов елдегі жол жүйесі туралы депуттаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Депутат атап өткендей, елдегі жол жүйесі үздіксіз әрі сапалы болса ғана экономика дамып, өңірлердің өзара байланысы нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: parlam.kz

«Ұлтымызда «Жол азабын жүрген біледі» деген терең мағыналы мәтел бар. Бүгінде бұл сөздің шынайы мәнін күн сайын жолға шыққан қарапайым азамат та, жүк тасымалдап жүрген кәсіпкер де, ауыл мен қала арасында жүрген халық та айқын сезініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, көлік инфрақұрылымының жай-күйі  тек салалық мәселе емес, ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың көрсеткіші.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – уақыт талабы екенін нақты атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, жаңа жолдар салынып, ескі бағыттар кеңейтіліп жатыр.

Алайда, өңірлердегі нақты жағдайды сараптай келе, жол саласы жүйелі мәселелерден әлі де арыла алмай отырғанын атап өтуге мәжбүрміз», деді Жанарбек Әшімжан.

Депутаттың пікірінше, кейбір республикалық маңызы бар бағыттарда жолдардың тарлығы, қарсы бағыттағы көліктердің бетпе-бет қозғалысы, қозғалыс қарқынының шамадан тыс жоғары болуы, жол инфрақұрылымының заманауи талаптарға сай келмеуі жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне тікелей себеп болып отыр.

Ж.Әшімжан өз сөзінде, статистикалық мәліметтерді тілге тиек етті: Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2025 жылы республика жолдарында 32 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Полиция қызметкерлері 14 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтаған. Оның ішінде жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану фактілері басым.

Сонымен қатар, полиция органдары 41 мыңнан астам жол тексеруін жүргізіп, 90 мыңға жуық жол кемшілігін анықтаған. Жол жамылғысын тиісті деңгейде жөндеп ұстамағаны үшін 7,4 мың лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылған.

«Бұл деректер жол сапасына қатысты мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіз екенін, ал кей жағдайларда мердігерлер мен жауапты органдардың формалды жауапкершілікпен шектеліп отырғанын көрсетеді», деді Ж.Садықанұлы.

Автожол алыстан басқарылады

Сондай-ақ депутат оң нәтиже берген нақты шараны атап өтті.

«Оң нәтиже берген нақты шаралардың бірі – республикалық маңызы бар автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу. Бұл жүйе жұмыс істейтін бағыттарда жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны айтарлықтай азайған. Аталған тәжірибе жол қауіпсіздігін арттыруда инженерлік және цифрлық шешімдердің шешуші рөл атқаратынын дәлелдеп отыр.

Мемлекет басшысы ерекше атап өткен Қызылорда – Жезқазған, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл, Құлсары – Ақтөбе – Хромтау, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық дәлізі, сондай-ақ Сарыағаш маңындағы айналма жол секілді жобалар – жай ғана жол құрылысы емес, елдің транзиттік әлеуетін күшейтетін стратегиялық нысандар. Алайда бұл жобалар сапасыз салынса, мерзімінде аяқталмаса немесе тиімді пайдаланылмаса – бюджет қаражатының ысырап болуына және азаматтардың өміріне тікелей қауіп төнуіне әкеледі», деді депутат.

Жанарбек Садықанұлы осыған байланысты, Үкімет тарапынан жол құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қатысты бақылауды түбегейлі күшейту, жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың нақты әрі дербес жауапкершілігін бекіту аса өзекті деп санайтынын айта келе, аталған мәселелерді жүйелі шешу үшін Үкіметтен мынадай шараларды жедел түрде қолға алуды сұрады:

Жол сапасын мемлекеттік бақылауды күшейту: құрылыс материалдарының сапасы, жоба-сметалық құжаттаманың сақталуы және құрылыс нормалары бойынша тұрақты әрі нақты мониторинг жүргізу. Тәуелсіз халықаралық сараптама институтын енгізу: ірі жобаларға және пайдалануға берілген жолдарға тәуелсіз аудит жүргізу. Мерзімге қатаң бақылау тетігін енгізу: әр жоба кезеңі бойынша нақты кесте бекітіп, кешігу үшін жеке жауапкершілік белгілеу. Құрылыс барысын онлайн бақылау жүйесін құру: халыққа ашық цифрлық платформа арқылы әр жоба бойынша жұмыс барысын көрсету. Мерзім мен сапа талаптары бұзылған жағдайда қатаң санкциялар қолдану: айыппұл салу, мемлекеттік тапсырыстан шеттету, лицензиялық шектеулер енгізу. Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету: әр жоба бойынша шығындардың ашық есебін жүргізу, артық шығындарды анықтау. Құрылыс тендерлерінің ашықтығын қамтамасыз ету: фаворитизм мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау. Жол қауіпсіздігі инфрақұрылымын күшейту: жол белгілері, жарықтандыру, жаяу жүргінші өткелдері, авариялық аймақтарды халықаралық стандарттарға сай жабдықтау.

«Бұл шаралар азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғап қана қоймай, Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші көлік-логистика хабына айналдыруға нақты серпін береді деп сенеміз», деп түйіндеді сөзін Жанарбек Әшімжан.

Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 19:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары