Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

28.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, Иранның әрекеттері Америкаға, шетелдегі америкалық әскерилерге және одақтастарға қауіп төндірген. Трамп Иран ядролық қаруға ие болмауы тиіс екенін айтып, АҚШ бұл мақсатқа жету үшін қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Telegram арналарының жазуынша, Иран 47 жыл бойы Америкаға қарсы ұран айтып, Таяу Шығыста түрлі қарулы топтарды қолдап отырған. Дональд Трамп 1983 жылы Ливан астанасы Бейрутте америкалық әскерилерге жасалған шабуылды және соңғы жылдары аймақта АҚШ күштеріне қарсы болған көптеген шабуылдарды еске алды. Сондай-ақ Иран қолдайтын ХАМАС-тың 7 қазанда Израильге жасаған шабуылын мысалға келтірді.

Президенттің сөзінше, басты қауіп – Иранның ядролық бағдарламасы мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар жасау әрекеті. Оның пікірінше, мұндай қару болашақта АҚШ-тың одақтастарына ғана емес, тіпті Америка аумағына да қауіп төндіруі мүмкін.

Трамп Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек айтты. Ол АҚШ Иранның зымыран өндірісін әлсіретіп, әскери әлеуетіне соққы беретінін жеткізді.

«Біз Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз. Бұл – өте қарапайым үндеу. Олар ешқашан ядролық қаруға қол жеткізбейді», деп қосты ол.

Сонымен қатар, өткен жылы Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдан кейін де Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тартпағанын атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ бұл жолы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін батыл әрекет жасап отыр.

Айта кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды.

Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

Әскер • Бүгін, 13:50

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

Қоғам • Бүгін, 13:45

Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?

Ата заң • Бүгін, 13:28

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью