Дрондар мен зымырандар соққысы: БАӘ толық әскери дайындыққа көшті

05.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кеше БАӘ-нің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Иран аумағынан ұшырылған 12 баллистикалық зымыранды, 3 қанатты зымыранды және 4 ұшқышсыз аппаратты жойған. Соның салдарынан үш адам орташа ауырлықтағы жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Х

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары аясында кез келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге толық әскери дайын екенін мәлімдеді. Осы мазмұндағы хабарлама ведомствоның Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Иран тарапынан жасалған ашық шабуылдар басталғалы бері БАӘ-нің әуе қорғаныс жүйелері жалпы саны 549 баллистикалық зымыранды, 29 қанатты зымыранды және 2260 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойған. Соққылардың салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны – 227 адамға жеткен, олардың қатарында түрлі елдердің азаматтары да бар.

Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды

Ресми дерек бойынша, әскери қызметшілер арасында 3 адам қаза тапқан. Олардың бірі қарулы күштермен келісімшарт негізінде жұмыс істеген азаматтық қызметкер болған. Ал бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар саны 10 адамға жеткен.

БАӘ Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған кез келген әрекетке қатаң қарсы тұратыны айтылған. Ведомство өздерінің толық әскери дайындықта екенін, мемлекеттің егемендігін қорғау, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық мүдделерді сақтауға бар күшін салатынын жеткізді.

Ақтөбе облысында белгісіз дрон бөлшектері табылды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,2 млрд долларға жетті

Сауда • Бүгін, 10:06

Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды

Саясат • Бүгін, 10:05

«Ордабасы» орда бұзды

Футбол • Бүгін, 09:55

Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?

Оқиға • Бүгін, 09:54

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:44

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Алматы • Бүгін, 09:39

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:30

Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды

Оқиға • Бүгін, 09:26

Президент Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы JCI аккредитациясынан өтті

Медицина • Бүгін, 09:22

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

Әлем • Кеше

Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды

Әлем • Кеше

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады

Елорда • Кеше

Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді

Медицина • Кеше

Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді

Елорда • Кеше

Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью