Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Дубайда шетелден достары мен туыстарын шақырған БАӘ тұрғындары мен азаматтарына сыйақы беруді қарастыратын жаңа А Dubai Invite бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Шарттарға сай келетін әрбір қонақ үшін қатысушылар құны 3 мың дирхамнан асатын (шамамен 380 мың теңге) бонустар пакетін ала алады. Бұл ретте мәселе ақшалай төлем туралы емес, бағдарлама серіктестерінің жеңілдіктері, сертификаттары мен өзге де ұсыныстары туралы болып отыр.
Бастаманы Дубайдың Экономика және туризм департаменті (Dubai Department of Economy and Tourism, DET) таныстырды. Бағдарлама VFR-туризм (visiting friends and relatives) деп аталатын достары мен туыстарына бару бағытын дамытуға бағытталған.
DET мәліметінше, бағдарлама "Дубай тұрғындары мен азаматтарына шетелден достары мен туыстарын шақыруға, ал олар келгенін растағаннан кейін Dubai DET ұсынатын бонустарды алуға мүмкіндік береді". Сонымен қатар ведомство Dubai Invite лотерея, ұтыс ойыны немесе конкурс емес екенін, сондай-ақ шақырылған қонақтардың ұшу шығынын, тұруын немесе виза рәсімдеуін төлеуді қарастырмайтынын ерекше атап өтті.
Кімдер қатыса алады?Бағдарламаға қолданыстағы Emirates ID-і бар, 18 жастан асқан БАӘ тұрғындары мен азаматтары қатыса алады. Ол үшін келетін достардың немесе туыстардың мәліметтерін олар әмірлікке келгенге дейін арнайы онлайн-форма арқылы алдын ала тіркеу қажет.
Шақырылған адамдар бірнеше шартқа сай болуы тиіс. Олар БАӘ резиденті болмауы керек, Дубайға 2026 жылдың 20 шілдесі мен 31 қазаны аралығында туристік визамен немесе визасыз режим немесе келген кезде берілетін виза аясында келуі тиіс. Әмірлікке кез келген жолмен - ұшақпен, теңізюен немесе құрлықпен жетуге болады.
Бағдарлама виза рәсімдеуді қамтымайды. DET шақырылғандар барлық қажетті құжаттарды өз бетінше алып, сапарға байланысты шығынды өздері төлейтінін атап өтті.
Бағдарлама қалай жұмыс істейді?Шекарадан өткеннен кейін қатысушыларға қонақтардың келгені туралы қосымша хабарлаудың қажеті жоқ. DET мәліметінше, келу фактісі мемлекеттік жүйелер арқылы автоматты түрде расталады.
"Қонақтарыңыз келгеннен кейін, біз 72 сағат ішінде бонустарды алу нұсқаулығы бар электронды хат жібереміз. Бұл ретте жеңілдіктер пакеті 2026 жылдың тамызынан бастап таратылады", - делінген бағдарлама материалдарында.
Бір уақытта бес шақыруға дейін өтінім беруге болады. Егер көбірек қонақты тіркеу қажет болса, қосымша өтінім жіберуге рұқсат етіледі.
Қандай бонустар алуға болады?Әрбір бонустар пакетінің құны 3 мың дирхамнан асады. Оған қонақүйлердің, мейрамханалардың, туристік орындар мен түрлі сервис ұсыныстары кіреді.
Бағдарлама серіктестері қатарында W Dubai Mina Seyahi, The Westin Dubai Mina Seyahi, Le Méridien Mina Seyahi Beach Resort & Waterpark, Meliá Desert Palm, IHG Hotels & Resorts, сондай-ақ Careem және Hala бар.
Алынған ұсыныстар, егер нақты бір бонусқа өзге мерзім белгіленбесе, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.
Бағдарламадағы шектеулерҰйымдастырушылар бірнеше шектеу енгізді. Бір тұрғын бір мезетте ең көбі бес қонаққа өтінім бере алады, алайда әрбір қатысушы шақырылғандар санына қарамастан, бағдарламаның бүкіл кезеңінде үштен көп емес бонустар пакетін ала алады.
Сонымен қатар бір туристі бір рет қана тіркеуге болады. Егер оны басқа қатысушы көрсетіп қойған болса, қайталанған өтінім есепке алынбайды.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар өтінімде көрсетілген топтан кем дегенде бір адамның келуі қатысушының бонус алу құқығына ие болуы үшін жеткілікті екенін нақтылайды.
Нені білген маңызды?DET бағдарлама сапар шығыннын өтемейтініне назар аударды. Шақырылғандар әуебилеттерді, тұруды, көлікті және басқа да ілеспе шығынды өздері төлейді, сондай-ақ қажетті визалар мен құжаттарды өз бетінше рәсімдейді. Егер туристке елге кіруге рұқсат берілмесе немесе виза берілмесе, ведомство жауапкершілік көтермейтіні атап өтілді.
Бұдан бөлек бонустар орындардың қолжетімділігіне қарай беріледі және серіктес компаниялардың ұсыныстарын қамтуы мүмкін. Ұйымдастырушылар алдын ала ескертусіз қолжетімді ұсыныстар тізімін, бағдарлама шарттарын өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату құқығын өзіне қалдыратыны ескертіледі.
Тағы оқыңыз: Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер тағы да тоқтатылды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу