Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дубай Қазақстаннан және басқа елдерден келетін туристер үшін ақша төлеуді ұйғарды не мәлім

Дубай Қазақстаннан және басқа елдерден келетін туристер үшін ақша төлеуді ұйғарды не мәлім

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Дубайда шетелден достары мен туыстарын шақырған БАӘ тұрғындары мен азаматтарына сыйақы беруді қарастыратын жаңа А Dubai Invite бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Шарттарға сай келетін әрбір қонақ үшін қатысушылар құны 3 мың дирхамнан асатын (шамамен 380 мың теңге) бонустар пакетін ала алады. Бұл ретте мәселе ақшалай төлем туралы емес, бағдарлама серіктестерінің жеңілдіктері, сертификаттары мен өзге де ұсыныстары туралы болып отыр.

Бастаманы Дубайдың Экономика және туризм департаменті (Dubai Department of Economy and Tourism, DET) таныстырды. Бағдарлама VFR-туризм (visiting friends and relatives) деп аталатын достары мен туыстарына бару бағытын дамытуға бағытталған.

DET мәліметінше, бағдарлама "Дубай тұрғындары мен азаматтарына шетелден достары мен туыстарын шақыруға, ал олар келгенін растағаннан кейін Dubai DET ұсынатын бонустарды алуға мүмкіндік береді". Сонымен қатар ведомство Dubai Invite лотерея, ұтыс ойыны немесе конкурс емес екенін, сондай-ақ шақырылған қонақтардың ұшу шығынын, тұруын немесе виза рәсімдеуін төлеуді қарастырмайтынын ерекше атап өтті.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға қолданыстағы Emirates ID-і бар, 18 жастан асқан БАӘ тұрғындары мен азаматтары қатыса алады. Ол үшін келетін достардың немесе туыстардың мәліметтерін олар әмірлікке келгенге дейін арнайы онлайн-форма арқылы алдын ала тіркеу қажет.

Шақырылған адамдар бірнеше шартқа сай болуы тиіс. Олар БАӘ резиденті болмауы керек, Дубайға 2026 жылдың 20 шілдесі мен 31 қазаны аралығында туристік визамен немесе визасыз режим немесе келген кезде берілетін виза аясында келуі тиіс. Әмірлікке кез келген жолмен - ұшақпен, теңізюен немесе құрлықпен жетуге болады.

Бағдарлама виза рәсімдеуді қамтымайды. DET шақырылғандар барлық қажетті құжаттарды өз бетінше алып, сапарға байланысты шығынды өздері төлейтінін атап өтті.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

Шекарадан өткеннен кейін қатысушыларға қонақтардың келгені туралы қосымша хабарлаудың қажеті жоқ. DET мәліметінше, келу фактісі мемлекеттік жүйелер арқылы автоматты түрде расталады.

"Қонақтарыңыз келгеннен кейін, біз 72 сағат ішінде бонустарды алу нұсқаулығы бар электронды хат жібереміз. Бұл ретте жеңілдіктер пакеті 2026 жылдың тамызынан бастап таратылады", - делінген бағдарлама материалдарында.

Бір уақытта бес шақыруға дейін өтінім беруге болады. Егер көбірек қонақты тіркеу қажет болса, қосымша өтінім жіберуге рұқсат етіледі.

Қандай бонустар алуға болады?

Әрбір бонустар пакетінің құны 3 мың дирхамнан асады. Оған қонақүйлердің, мейрамханалардың, туристік орындар мен түрлі сервис ұсыныстары кіреді.

Бағдарлама серіктестері қатарында W Dubai Mina Seyahi, The Westin Dubai Mina Seyahi, Le Méridien Mina Seyahi Beach Resort & Waterpark, Meliá Desert Palm, IHG Hotels & Resorts, сондай-ақ Careem және Hala бар.

Алынған ұсыныстар, егер нақты бір бонусқа өзге мерзім белгіленбесе, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.

Бағдарламадағы шектеулер

Ұйымдастырушылар бірнеше шектеу енгізді. Бір тұрғын бір мезетте ең көбі бес қонаққа өтінім бере алады, алайда әрбір қатысушы шақырылғандар санына қарамастан, бағдарламаның бүкіл кезеңінде үштен көп емес бонустар пакетін ала алады.

Сонымен қатар бір туристі бір рет қана тіркеуге болады. Егер оны басқа қатысушы көрсетіп қойған болса, қайталанған өтінім есепке алынбайды.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар өтінімде көрсетілген топтан кем дегенде бір адамның келуі қатысушының бонус алу құқығына ие болуы үшін жеткілікті екенін нақтылайды.

Нені білген маңызды?

DET бағдарлама сапар шығыннын өтемейтініне назар аударды. Шақырылғандар әуебилеттерді, тұруды, көлікті және басқа да ілеспе шығынды өздері төлейді, сондай-ақ қажетті визалар мен құжаттарды өз бетінше рәсімдейді. Егер туристке елге кіруге рұқсат берілмесе немесе виза берілмесе, ведомство жауапкершілік көтермейтіні атап өтілді.

Бұдан бөлек бонустар орындардың қолжетімділігіне қарай беріледі және серіктес компаниялардың ұсыныстарын қамтуы мүмкін. Ұйымдастырушылар алдын ала ескертусіз қолжетімді ұсыныстар тізімін, бағдарлама шарттарын өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату құқығын өзіне қалдыратыны ескертіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер тағы да тоқтатылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 18:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары