Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Астанада Cirque du Soleil-дің OVO шоуы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласындағы "Барыс Аренада" 4-7 маусым аралығында Халықаралық шоу өтеді.
Әлемдік тур аясында Қазақстанда барлығы 14 қойылым көрсету жоспарланған.
"OVO қойылымында 53 әртіс өнер көрсетеді, ал халықаралық құраманың жалпы саны 25 елден келген шамамен 130 маманды қамтиды. Олардың қатарында Бразилия, Канада, Франция, Қытай, Моңғолия және Ресей өкілдері бар", - деп жазылған хабарламада.
Топ құрамына әртістерден бөлек техникалық мамандар, грим жасаушылар, жаттықтырушылар, массажистер, аспаздар мен әкімшілік қызметкерлер кіреді.
OVO – Cirque du Soleil-дің жәндіктер әлемі мен тіршілік циклінің басталуы мен өзгерістерді бейнелейтін жұмбақ жұмыртқа туралы оқиғаға негізделген қойылымдардың бірі.
Шоуда акробатикалық өнер, ерекше сценография және музыкалық сүйемелдеу үйлесім тапқан.