Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
5 наурыз сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда қоғамдық және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қостанай облысы:
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 532-552 шақырым аралығы (Бұзылық елді мекені – Сұрған елді мекені);
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған елді мекені);
– «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай елді мекені – Бұзылық елді мекені).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін 5 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгергенін хабарлағанбыз.