Екібастұзда туғанына 19 күн ғана толған сәби анасынан ажыратылды

09.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл туралы Екібастұз қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хабарлады.

— Жаңа туған нәрестені (нәрестеге 19 күн) Павлодар қаласындағы балалар үйіне орналастыру туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысында баланың тұрып жатқан жерінде қажетті жағдайлардың жасалмағаны, анасы сәбиін тұрақты тамақтандырмай, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай тудырғаны анықталды, — деп мәлімдеді комиссиядан.

Фото: Екібастұз қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

Сәбидің анасы жұмыс істемеген, әлеуметтік жағынан тұрмысы қолайсыз. Әйелге қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілген.

Бұған дейін Жаңа жыл түні ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер туралы жазғанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью