Экология талабын бұзған: Қызылордада кәсіпорындарға қомақты айыппұл салынды

09.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қызылорда облыстық экология департаменті осы жылдың 6 айындағы зертханалық-талдамалы бақылау нәтижесін жариялады.  Соған сәйкес ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы нормативтен асып кеткен 118 дерек белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың мәліметінше, топырақ, су және атмосфералық ауаның ластануына байланысты 10 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталып, әкімшілік айыппұл салынған.

"Сонымен бірге I және II санаттағы кәсіпорындар өндірістік экологиялық бақылау нәтижесі бойынша 326 есеп ұсынды. Оны талдау барысында анықталған сәйкессіздік қарай облыстық табиғат қорғау прокуратурасымен бірге 20 субъектіге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 325-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 3 546 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды"- делінген хабарламада.

Департамент өкілдері атмосфералық ауа мен су объектілері бойынша жоғары ластану және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелмегенін алға тартып отыр. Бұл өңірдегі экологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсетеді.

– Қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді жоспар мен «Таза ауа» іс-шарасы аясында 44 автокөлікке зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде ластаушы заттар шығарындылары белгіленген нормативтен асып кеткен фактілер тіркелген жоқ. Сырдария өзені бассейніндегі 7 бақылау нүктесінен сынама алынып, 22 ластаушы зат бойынша зертханалық анықтау жүргізіліп, жүзгін заттар бойынша нормативтен 1,4 есе асу жағдайы тіркелді. Жүзгін заттар концентрациясының жоғарылауы – Сырдария өзенінің трансшекаралық сипатына, жоғарғы ағыс бөлігінен келетін лай ағындарға, сондай-ақ өзен арнасындағы табиғи гидрологиялық процестерге байланысты. Қалған компоненттер бойынша нормативтен асу деректері анықталған жоқ, – деп мәлімдеді ведомство.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью