Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау мен халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселесі қаралды.
Үкімет басшысы жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі қағидаты қатарына енгізілуінің маңызы туралы айтты.
«Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», деді О.Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлық кезеңде 1 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған. Аталған іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» жобасы жүзеге асырылғанын баяндады. Онлайн-платформа эмиссияларға мониторинг жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау, ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімі, қалдықтардың мемлекеттік кадастры, көміртегі кадастры, т.б. сияқты бірқатар басқа жүйелер көрсеткішін жинақтайды.
Қалдықтарды басқару саласында EcoQolday цифрлық платформасы жұмыс істейді. Сондай-ақ бүгінде орман өртін ерте анықтау жүйесі енгізіліп жатыр, су тасқыны жағдайын болжауға «Қазгидромет» деректерімен интеграцияланған Tasqyn жүйесі қолданылып отыр. Еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру жұмысы жүргізіліп келеді.
Табиғи ресурстар саласында Tabigat.gov.kz. интерактивті карта іске қосылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ғарыштық мониторинг арқылы өткен жылы 3 828 заңсыз қалдықтар жиналатын орын мен 1 мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелгенін айтты.
Жасанды интеллект пен қолда бар есептеу қуатын пайдалана отырып, кешенді тәсілдің қажеттігі назарға алынды. Цифрлық шешімдер енгізу «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың ашықтығын, бақылау тиімділігін арттырады.
Сондай-ақ отырыс барысында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Таза Қазақстан» құндылығына баса назар аударып, мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейде экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеудің басталғаны туралы айтты. Өңірлерде «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл клубтар» жобасымен қатар мектеп пен мектептен тыс форматтар дамып жатыр.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазір барлық жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар, студенттік экожасақтар құрылып, «Велосипед күні» өткізіліп жатқанына тоқталды. Қоқысты бөлек жинау жобасы аясында 26 университетте бокстар мен биг-бэгтер орнатылып, қайта өңдеуге 36 тоннадан астам пластик жиналған.
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын ақпараттық сүйемелдеудің рөлі ерекше атап өтілді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов былтыр 1 млн-ға жуық жастың қатысуымен 1 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін баяндады. Қоғамдық кеңестер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп аумақтардың тазалығы мен тарихи-мәдени мұра нысандарындағы тәртіпті сақтау мәселелеріне қатысты қоғамдық бақылау жүргізіледі.
Премьер-министр бірқатар өңірде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасындағы жоспарланған көрсеткіштер орындалмағанына назар аударды. Нақты айтқанда, Алматы облысында суару жүйелері мен су үнемдеу технологияларын енгізу, гранттар беру мен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі айтылды. Ұлытау облысында жасыл көшеттерге түгендеу жүргізілмеген, адамдар көп жиналатын жерлерге фандоматтар орнатылмаған. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін цифрландыру жүргізілмеген. Абай облысында «жасыл инфрақұрылым» құру жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген, қоршаған ортаны қорғауға арналған мәдени іс-шаралар да өткізілмеген. Осы бағыттар бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз алды.
Премьер-министр әкімдіктерге жоспарланған барлық іс-шараның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. «Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беріп, экологиялық өзгерістерге қоғамдық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан келесі деңгейге өту міндеті тұр. Бұл – заманауи цифрлық құралдарды қолдануға, тұрақты әрі объективті мониторинг пен үдеріске қатысушылардың бәрінің арасындағы жауапкершілікті дәл бөлуге негізделген жүйелік әрі басқарылатын тәсілді қалыптастыру. Бұл тәсіл ұзақмерзімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді О.Бектенов.
Сондай-ақ министрліктерге экологиялық деректердің тұрақты берілуі мен есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ғарыштық мониторингінің қамтылуы мен жүйелілігін кеңейту, бұған қоса орман өрттерін ерте анықтау жүйесін кеңейтуді аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді.
Соңғы жаңалықтар
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Президент • Бүгін, 23:26
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15
Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында
Саясат • Бүгін, 08:10
Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі
Саясат • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді
Саясат • Бүгін, 08:00
Қоғам • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Жәдігер • Бүгін, 07:45
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
Үкімет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Президент • Кеше
Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады
Қоғам • Кеше