Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Экологиялық мәдениет қалыптастыру түбегейлі қағидат қатарында

Экологиялық мәдениет қалыптастыру түбегейлі қағидат қатарында

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау мен халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселесі қаралды.

Үкімет басшысы жоғары эко­логиялық мәдениет қалып­тастыру мен табиғатқа жанашыр­лық­пен қарау жаңа Конституция жоба­сының түбегейлі қағидаты қатарына енгізілуінің маңызы туралы айтты.

«Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары эколо­гия­лық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жоба­сының түбегейлі принциптері қатары­на енгі­зілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл табиғатқа, туған елге деген жана­шыр­лықты күшейтуге, әрбір азамат­тың бо­йында тазалық мәдениетін қалыптас­тыруға ықпал етеді», деді О.Бектенов.

Экология және табиғи ресурс­тар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақ­стан» бастамасы аясында барлық кезеңде 1 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған. Аталған іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарияла­ған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологияларды қол­дануға ерекше назар аударылды. Экология және табиғи ресурс­тар министрі Ерлан Нысанбаев «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» жобасы жүзеге асырылғанын баяндады. Онлайн-платформа эмиссияларға мониторинг жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау, ластаушы заттардың шығарынды­лары мен тасымалдары тіркелімі, қалдықтар­дың мемлекеттік кадастры, көміртегі ка­дастры, т.б. сияқты бірқатар басқа жүйелер көрсеткішін жинақтайды.

Қалдықтарды басқару саласында EcoQolday цифрлық платформасы жұ­мыс істейді. Сондай-ақ бүгінде орман өртін ерте анықтау жүйесі енгізі­ліп жатыр, су тасқыны жағдайын болжауға «Қазги­дромет» деректерімен интегра­ция­лан­ған Tasqyn жүйесі қолданылып отыр. Елі­­міз­дің ерекше қорғала­тын табиғи аумақ­­тарындағы бақылау-өткізу пункт­терін автоматтандыру жұмысы жүргізіліп келеді.

Табиғи ресурстар саласында Tabigat.gov.kz. интерактивті карта іске қо­сыл­­ды. Жасанды интеллект және цифр­­лық даму бірінші вице-министрі Рос­тислав Коняшкин ғарыштық мониторинг ар­қы­лы өткен жылы 3 828 заңсыз қал­дықтар жиналатын орын мен 1 мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелгенін айтты.

Жасанды интеллект пен қолда бар есептеу қуатын пайдалана отырып, кешенді тәсілдің қажет­тігі назарға алынды. Цифр­лық шешімдер енгізу «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру­дың ашықтығын, бақылау тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ отырыс барысында халық­тың экологиялық мәдениетін қалып­тастыруға жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Таза Қазақстан» құндылығына баса назар аударып, мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейде экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеу­дің басталғаны туралы айтты. Өңірлерде «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл клубтар» жобасымен қатар мектеп пен мектептен тыс форматтар дамып жатыр.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазір барлық жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар, студенттік экожасақтар құры­лып, «Велосипед күні» өткізіліп жатқанына тоқталды. Қоқысты бөлек жинау жобасы аясында 26 университетте бокстар мен биг-бэгтер орнатылып, қайта өңдеуге 36 тоннадан астам пластик жиналған.

Президенттің «Таза Қазақстан» бас­тамасын ақпараттық сүйе­мелдеудің рөлі ерекше атап өтілді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов былтыр 1 млн-ға жуық жастың қатысуы­мен 1 мыңнан астам іс-шара өткізіл­ге­нін баяндады. Қоғамдық кеңес­тер үкіметтік емес ұйымдар­мен бірлесіп аумақтардың таза­лығы мен тарихи-мәдени мұра нысандарындағы тәртіпті сақтау мәселелеріне қатысты қоғамдық бақылау жүргізіледі.

Премьер-министр бірқатар өңірде «Таза Қазақстан» тұжырым­дамасындағы жоспарланған көрсеткіштер орын­далмағанына назар аударды. Нақты айтқан­да, Алматы облысында суару жүйелері мен су үнемдеу технологияларын енгізу, гранттар беру мен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бо­йынша жұмыстың жеткіліксіз­дігі айтылды. Ұлытау облысында жасыл көшет­терге түгендеу жүргізілмеген, адамдар көп жина­латын жерлерге фандоматтар орна­тыл­маған. Бұдан бөлек, сумен жаб­дық­тау мен су бұру жүйелерін цифрлан­­дыру жүргізілмеген. Абай облысында «жасыл инфрақұрылым» құру жөніндегі жоспар­ланған көрсеткіштерге қол жет­кізіл­меген, қоршаған ортаны қорғау­ға арнал­ған мәдени іс-шаралар да өткізіл­меген. Осы бағыттар бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлытау облы­сының әкімі Дастан Рыспеков, Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз алды.

Премьер-министр әкімдіктерге жоспарланған барлық іс-шараның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. «Президенттің «Таза Қазақстан» бас­тамасын жүзеге асыру айтарлықтай нәти­же беріп, экологиялық өзгеріс­тер­ге қоғамдық сұраныстың жо­ғары екенін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан келесі дең­гей­ге өту міндеті тұр. Бұл – зама­науи цифрлық құралдар­ды қолда­нуға, тұрақты әрі объек­тивті мони­торинг пен үдеріске қаты­су­шылардың бәрі­нің арасын­­дағы жауапкершілік­ті дәл бөлуге негіздел­ген жүйе­лік әрі бас­қа­рылатын тәсіл­ді қалыптастыру. Бұл тәсіл ұзақмерзімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді»,  деді О.Бектенов.

Сондай-ақ министрліктерге эколо­гия­лық деректердің тұрақты берілуі мен есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтама­сыз ету, ға­рыштық мониторингінің қам­тылуы мен жүйелілігін кеңейту, бұған қоса орман өрттерін ерте анықтау жүйе­сін кеңейтуді аяқтау жөнінде тапсырма­лар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары