Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Экологиялық мәдениет өркениетті қоғамның өлшемі

Экологиялық мәдениет өркениетті қоғамның өлшемі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

 Бұл бастама тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалауға бағытталған кезекті науқан емес. Оның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, заңға құрметті күшейту және әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыру.

Бүгінде аталған жоба еліміздің барлық өңі­рінде нақты нәтижесін көрсетіп келеді. Соның ішінде Шымкент қаласында қолға алынған жұмыстар ауқымымен, жүйе­лі­лігімен және ведомствоаралық өзара іс-қи­мылдың тиімді үлгісімен ерекшеленеді. Жуырда Шымкентте «Таза Қазақстан» жал­пыұлттық жобасы мен «Заң және тәр­тіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне ар­налған ведомствоаралық кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға Шымкент қалалық про­куратурасы, Полиция департаменті, Эко­логия департаменті, Төтенше жағдай­лар департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасы, өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қа­тыс­ты. Жиында жыл басынан бері атқа­рыл­ған жұмыстар сараланып, алдағы ке­зең­нің негізгі міндеттері айқындалды.

Мемлекет басшысы бірнеше мәрте та­за­лық мәдениеті мен заң үстемдігі бір-бі­рі­нен ажырамайтын ұғым екенін атап өт­кен болатын. Осы тапсырмаларды орын­дау мақсатында Шымкентте про­кура­тураның үйлестіруімен құрылған мо­бильді топ тұрақты жұмыс жүргізуде. Оның құрамына құқық қорғау орган­да­ры­ның қызметкерлері, жергілікті атқару­шы органдардың мамандары, экологтар, төтенше жағдайлар қызметі және қоғам белсенділері енген. Мобильді топтың жұ­мы­сы тек құқықбұзушылықтарды анық­тау­мен ғана шектелмейді. Негізгі назар тұр­ғындардың экологиялық сауат­ты­лы­ғын арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге, заңсыз қоқыс төгу деректерінің алдын алуға және санитарлық талап­тар­дың сақталуын қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған. Яғни «Таза Қазақстан» жобасының не­гізгі философиясы  жазалау емес, ең ал­дымен, қоғамның санасын өзгерту.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі нақ­ты көрсеткіштерден де көрінеді. Биыл­ғы жылдың алғашқы алты айында Шым­кент қаласында 576 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 23 мыңнан астам әкім­шілік құқықбұзушылық анықталған. Заң­сыз қоқыс төгуге қарсы күрес барысында 188 автокөлік ұсталып, құқық бұзушыларға жалпы көлемі 59,6 миллион теңге әкім­ші­лік айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш­тер экологиялық талаптарды бұзуға қа­тыс­ты бақылаудың күшейгенін ғана емес, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына ба­сымдық беріліп отырғанын көрсетеді. Себебі қоршаған ортаны қорғау – әр аза­мат­тың конституциялық міндеті әрі ке­ле­шек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі.

Экологиялық бақылауда цифрлық тех­нологиялардың да тиімділігі артып келеді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлт­тық компаниясының геоақпараттық жүйесі арқылы анықталған 31 заңсыз қо­қыс орны толық жойылды. Ғарыштық мо­ниторингті пайдалану арқылы эко­логиялық ахуалды бақылаудың жаңа тетік­тері енгізіліп, мәселені жедел шешуге мүм­кіндік жасалып отыр. Бұл өз кезегінде мем­лекеттік басқаруда цифрландырудың тиім­ділігін көрсететін маңызды тәжірибе. «Таза Қазақстан» жобасының маңызды ерек­шелігінің бірі оған тұрғындардың кеңі­нен тартылуы. Өйткені қаланың таза­лығы тек коммуналдық қызметтердің не­месе мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ол – қоғамның ортақ мәдениетінің кө­рінісі.

230 мыңға жуық тұрғын қатысты

Жыл басынан бері ұйымдастырылған сен­біліктер мен тазалық акцияларына Шым­кент қаласында 230 мыңға жуық тұр­ғын қатысқан. 1438 арнайы техника жұ­мылдырылып, қала аумағынан 2 мың тон­надан астам тұрмыстық қалдық шы­ғарыл­ған. Бұл туралы Шымкент қаласы Жай­лы ортаны дамыту басқармасының бас­шысы Оңғар Әбілқайыр атап өтті. Бас­қарма басшысы  атқарылып жатқан жұ­мыс­тардың тек тазалықпен шектел­мей­тінін атап өтті.  Бұл көрсеткіштер халық­тың қоршаған ортаға деген жауапкер­ші­лігінің артып келе жатқанын аңғартады.

– «Таза Қазақстан» жобасы аясында Шым­кентте тұрғындардың өмір сүру са­па­сын арттыруға бағытталған кешенді жұ­мыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қа­лада жаңа саябақтар мен қоғамдық де­малыс орындары бой көтеріп, өзен ар­налары абаттандырылып, жасыл аймақтар кеңейтілуде. Бұл бастамалардың барлығы қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіп­сіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға ба­ғыт­талған. Аталған жұмыстар Шымкент қа­ласы әкімінің тапсырмасына сәйкес ке­зең-кезеңімен іске асырылып келеді. Ең бастысы, қаланың тазалығы мен көр­кеюі тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бұл – туған қаласына жанашыр­лық­пен қарайтын әрбір тұрғынның ортақ жауап­кершілігі, – деді Шымкент қаласы Жайлы ортаны дамыту басқармасының бас­шысы Оңғар Әбілқайыр.

Шымкентте қалыптасқан тәжірибе бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жү­зеге асуы мемлекеттік органдардың үй­лесімді әрекеті мен тұрғындардың бел­сенді қатысуына тікелей байланысты еке­нін көрсетті. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың күшеюі, қоғамдық бақы­лау­дың артуы, цифрлық технологиялардың ен­гізілуі және халықтың белсенділігі эко­ло­гиялық тәртіпті нығайтуға тың серпін беріп отыр.

Жастар бастамаларды қолдайды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық баста­ма­сының маңызды бағыттарының бірі – қо­ғамда экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыру және жастардың табиғатқа жана­шыр­лық көзқарасын дамыту. Осы мақ­сат­та Шымкент қаласында тұрғындардың эко­логиялық танымын кеңейтуге бағыт­тал­ған түрлі ағартушылық және тәжіри­бе­лік іс-шара тұрақты ұйымдастырылып ке­леді. Осындай игі бастамалардың бірі Абай саябағында өтті. Қалалық Жастар ре­сурстық орталығы ұйымдастырған «Та­за Шымкент – қалдықсыз қала» тақыры­бын­дағы кездесуге ерікті жастар, сту­дент­тер мен белсенді азаматтар қатысып, қор­шаған ортаны қорғау мәселелері кеңі­нен талқыланды.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті бас­шы­сы­ның міндетін атқарушы Дүйсен Құл­ті­леуов өңірдегі экологиялық ахуалды жақ­сарту бағытында атқарылып жатқан жұ­мыстар жөнінде жан-жақты ақпарат бер­ді. Ол атмосфералық ауаның сапасын ба­қылау, өндіріс орындарының эколо­гия­лық талаптарды сақтауын қадағалау, қал­дықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту жә­не заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойын­ша қолға алынған шараларға тоқ­талды. Бүгінде қаладағы бірқатар ірі кә­сіп­орында автоматтандырылған эколо­гия­лық мониторинг жүйесі жұмыс істей­тінін атап өтті. Бұл жүйе қоршаған ортаға таралатын шығарындыларды онлайн ре­жим­де бақылауға мүмкіндік береді. Со­ны­мен қатар экологиялық заңнама талап­тарын сақтамаған кәсіпорындарға қатыс­ты тиісті шаралар қабылданып, олардың қыз­метіне заң аясында шектеулер қойыл­ған. Өз сөзінде Дүйсен Құлтілеуов жастар­ды туған қаланың тазалығына бейжай қара­май, табиғатты қорғау ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Кездесуде ASAA жастар қоғамдық бір­лестігінің президенті Данара Саранова да сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғауда азаматтық белсенділіктің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, ұйым құрамындағы 200-ге жуық ерікті жас түрлі экологиялық акция мен қоғамдық бастамаларға тұрақ­ты қатысып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Бұл – жастардың экологиялық жауапкер­шілігі артып келе жатқанының нақты кө­рінісі.

Жиынның танымдық бөлігінде эко-тренер әрі экологиялық білім беру сала­сының сарапшысы Владислав Голярко қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және қалдықсыз өмір салтын қалыптастыру та­қырыптарында дәріс өткізіп, қаты­су­шылармен тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Маман тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқарудың экологиялық қауіп­сіз­дік­ке ғана емес, қоғамның тұрақты да­муы­на да тікелей әсер ететінін атап өтті. Кез­десу теориялық дәріспен шектелмей, нақты іске ұласты. Іс-шара соңында ерікті жас­тар Абай саябағында тазалық жұмыс­тарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазар­туға белсене қатысты. Мұндай игі баста­ма­лар жастардың табиғатқа деген жана­шыр­лығын арттырып қана қоймай, қо­ғам­да ортақ жауапкершілік қағидатын ны­ғайтуға да ықпал етеді.

Айта кету керек, Шымкентте эколо­гия­лық сананы қалыптастыру бағытын­дағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Білім беру ұйымдарында экологиялық семинарлар, тренингтер, ашық сабақтар мен экоэкскурсиялар тұрақты өткізіліп, жалпықалалық сенбіліктерге мыңдаған тұрғын қатысуда.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 05:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see129

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see122

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see119

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see118

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see117

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see116

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see115

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see115

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see113

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see112

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары