Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осы мақсатта Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы еліміздің барлық өңірінде кең қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға жол ашты. Бүгінде бұл бастама қарапайым сенбіліктер аясынан асып, мемлекеттік мекемелерді, коммуналдық қызметтерді, жастар ұйымдарын, еріктілерді, қоғамдық бірлестіктерді және тұрғындарды біріктіретін ауқымды экологиялық қозғалысқа айналып отыр. Оның жарқын үлгісі ретінде Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атауға болады.

ЖАСЫЛ ҚАЛАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҮЗДІКСІЗ ҮРДІС

Шымкент – еліміздегі қар­қын­ды дамып келе жатқан мега­полистің бірі. Қала хал­қы­ның көбеюі мен инфра­құры­лымның кеңеюі қорша­ған ортаны қорғау мәселесіне ерекше жауапкер­шілікпен қарауды талап етеді. Осыған байланысты қалада «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясын­дағы жұмыстар жүйелі түрде жүр­гізіліп келеді. Жуыр­да қала­ның Орманшы тұрғын ала­бын­дағы «Тұқымбақ» аумағында кең көлемді эколо­гиялық акция ұйым­дасты­рылды. Сенбілікке қаланың бес ауданынан келген комму­налдық мекемелердің 100-ден астам қызметкері қатысып, жасыл аймақты күтіп-баптау жұмыс­тарына белсенді атса­лыс­ты.

Іс-шара барысында шөп шабылып, ағаштардың қура­ған және артық бұтақтары кесілді, арамшөптер тазар­ты­­лып, көш­еттер өсетін алқаптар ретке кел­тірілді. Мұндай жұ­мыстар көш­ет­­т­ердің сапалы өсуіне жағ­дай жасап қана қоймай, алдағы күзгі ағаш отырғызу науқанына тың дай­ын­дық жүргізуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуын­­ша, тұқымбақтағы еңбек мау­сымдық емес. Мұнда жыл бойы көшет­терді өсіру, суару, топырақты қопсыту, зиянкес­терден қорғау және оларды күтіп-баптау жұ­мыс­тары үз­діксіз атқарылады.

Жалпы аумағы 12 гектарды құрайтын тұқымбақта қала көше­лерін, саябақ­тарды, гүл­зар­лар мен қоғамдық кеңіс­тік­терді көгалдандыруға арнал­ған түрлі ағаш және бұта көш­ет­тері өсірі­леді. Күн сай­ын ондаған маман жасыл қор­ды көбейту жолында еңбек етеді. Осы көш­ет­тер кейін Шымкенттің әр аудан­ын­дағы саябақтар мен демалыс орын­да­рына отырғызылып, қала­ның эко­логия­­­лық әлеуетін арттыруға қызмет етеді. Жа­сыл қорды ұл­ғайту – климат­тың өзгеруі жағ­дай­ында ерек­ше ма­ңызды мін­деттің бірі. Ағаштар ауадағы көмір­қыш­­қыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шы­ғарады, жазғы аптап ыс­тық­ты азайтады, шаң-тозаң­ның таралуын төмен­детеді және қала тұрғын­дары үшін қолайлы микроклимат қалып­тастырады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖАСТАРДАН БАСТАЛАДЫ

«Таза Қазақстан» бағдар­ла­масының басты ерекшелігі – оның қоғамның барлық буын­ын қам­туында. Әсіресе жас­тар­дың белсенділігі ерек­ше назар аудар­тады. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдас­ты­рған кезекті акцияға 14 пен 35 жас аралы­ғындағы 40 ерікті қатыс­ты. Олардың қатарында мек­теп оқушылары, кол­ледж сту­денттері, жоғары оқу орын­да­рының білім алушылары, жас мамандар және қоғамдық ұйым­дардың белсен­ділері болды. Акция алдында жас­тар­мен ар­найы кездесу өткі­зіліп, қоршаған ортаны қор­ғаудың маңызы, табиғатты аялаудың әлеуметтік жауап­кер­шілікпен байланысы және азаматтық белсенді­ліктің рөлі жөнінде түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді.

Кездесуге құқық қорғау ор­ган­дары­ның, прокуратураның және эко­ло­гия­лық қызмет­тердің өкілдері қаты­сып, қо­ғам­дағы таза­лық мәдениеті мен қоғамдық тәртіптің өзара байла­нысына тоқталды. Олар қоршаған ортаға ұқып­ты қарау тек коммуналдық қызметтер­дің міндеті емес, әр аза­маттың өмірлік ұста­ны­мына айналуы қажет екенін атап өтті. Кезде­суден кейін еріктілер Қазақ­стан халқы Ассамблеясы ғи­маратының аума­ғы мен Абай атындағы саябақта таза­лық жұмыстарын жүргізіп, қоғам­дық орын­дарды қоқыстан та­зартты, жаяу жүргін­шілер жолын ретке келтіріп, жас­ыл аймақ­тарды күтіп-бап­тауға үлес қосты.

ҚОҒАМДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

Экологиялық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол үз­діксіз ағарту жұмысын, аза­мат­тардың белсенді қаты­су­ын және ортақ жауапкер­шілікті талап етеді. Сондықтан «Таза Қа­зақстан» бағдарла­масы тек тазалық акцияларын өткізумен шектелмейді. Оның басты мақ­са­ты – табиғатты қор­ғауды қо­ғам­дық құнды­лыққа айнал­дыру. Кейінгі жыл­дары экология мәсе­лесі бүкіл әлемде мемлекет­тік сая­сат­­тың маңызды бағытына айналды. Қазақстан да бұл үде­рістен шет қалған жоқ. Қала­ларды көгалдандыру, су ресурс­тарын ұтымды пайда­лану, тұр­мыстық қалдықтарды басқару, атмос­фералық ауаны қорғау және халықтың эко­логиялық сауаттылығын арт­тыру бағыт­ындағы жұмыстар өзара сабақтас жүргізілуде.

Шымкентте қолға алынған жұмыс­тар осы кешенді сая­саттың нақты көрінісі болып отыр. Ком­муналдық қызмет­керлердің күн­делікті еңбегі, жастардың ерік­тілік баста­малары және тұр­ғындардың белсенділігі бір арнаға тоғы­сып, қаланың эко­ло­гиял­ық жағ­дайын жақсартуға мүмкін­дік беруде. Таза көше, жасыл саябақ, абаттан­ды­рылған қоғамдық кеңістік – бұл жай ғана көркем көрініс емес. Ол – тұрғын­дардың денсаулы­ғына, өмір сүру сапасына және қорша­ған ортаға деген көзқарасына тікелей әсер ететін маңыз­ды фактор.

Шымкент қаласында жүзе­ге асыры­лып жатқан жұмыстар көрсеткендей, қоршаған орта­ны қорғау – үздіксіз еңбекті, қоғам­дық бірлікті және жо­ғары жауап­к­ершілікті қажет ететін ортақ мін­дет. Осындай жүйелі жұмыс­тардың нәти­жесінде қаланың жасыл желек қоры көбейіп, экологиялық ах­уа­лы жақсарып, тұр­ғындар үшін қолай­лы әрі жайлы өмір сүру кеңістігі қалып­т­асып келеді. Бұл – «Таза Қазақ­стан» бағдар­ламасының нақты нә­ти­жесі ғана емес, елдегі эко­логиялық мә­дениеттің жаңа кезеңге көтеріліп келе жатқа­нын айғақ­тайтын маңызды үрдіс.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 05:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see168

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see121

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see119

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see119

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see117

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see115

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see113

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see113

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see112

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see111

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see110

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see109

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see109

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see108

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see108

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see108

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see107

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары