Ел алдында жүрген танымал өнер иесі ұшты күйлі жоғалып кетті

17.11.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда белгілі стример әрі блогер Mellstroy (шын аты-жөні – Андрей Бурим) ресми түрде іздеуге жарияланды. Бұл ақпарат ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің порталында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогер Mellstroy кім?

Беларусь тумасы Андрей Бурим – ТМД кеңістігіндегі ең даулы контент жасаушылардың бірі. Ол интернетте "trash-стример" деген атпен танымал: оның эфирлерінде шулы көріністер, даулы әрекеттер, тосын челлендждер мен алкогольдік контент жиі кездеседі.

2017 жылы Twitch пен YouTube платформаларында ойын стримінен басталған оның танымалдығы кейін түрлі "лайв-шоулар" арқылы күрт өсті. Донатқа арналған тапсырмалар, көрермендермен интерактив, кештер – мұның бәрі Mellstroy-ды орыс тілді ортадағы ең көп талқыланатын блогерлердің біріне айналдырды.

Оның аудиториясының басым бөлігі – ТМД жастары. Instagram, YouTube және Twitch-пен қоса, басқа да әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушысы бар.

Қазақстандағы іздеу жариялануы

Құқықтық статистика порталындағы мәліметке сәйкес, Mellstroy-ға қатысты іздестіру ісі 15 қараша күні Астанада тіркелген.

Іздеу салуға бастамашы болған – Қаржы мониторингі агенттігі. Істі тергеумен Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті айналысады. Қаржы мониторингі агенттігі әзірге блогер не себепті іздеуге жарияланғанын ресми түрде түсіндірмеді. Себеп нақты кейін айтылатыны хабарланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью