Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Елімізде халықаралық ғылыми серіктестік кеңейіп келеді. Биыл Астанада Оксфорд университетінің зерттеу институты жұмысын бастайды. Онда студенттер мен зерттеушілерге оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 24.kz телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, биыл елімізде «Oxford Hub» ашу жоспарланып отыр. Бұл алаң Қазақстан мен әлемге әйгілі Оксфорд университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жоба аясында отандық академиялық ортаға Оксфордтың кең ғылыми инфрақұрылымымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі. Алдағы уақытта отандық ғалымдар мен зерттеу ұйымдары Оксфорд университетінің 32 колледжі мен 100-ге жуық зерттеу институтымен бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыра алады. Бұл – халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қатысуға, тәжірибе алмасуға және ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға жол ашатын маңызды қадам. Сарапшылардың пікірінше, «Oxford Hub»-тың ашылуы ел ғылымының жаһандық академиялық кеңістікке ықпалдасуын жеделдетіп, зерттеу сапасын арттыруға және жас ғалымдардың әлеуетін кеңейтуге серпін береді. Ғылымдағы серіктестік енді декларация емес, шынайы нәтижеге жұмыс істейтін жүйеге айналады.
«Астанада тәжірибе алмасу, оқыту, консалтинг және ғылыми жобаларды бірлесе жүзеге асыруға жол ашылады. Бұл – кейінгі үш жарым жылда атқарылған жүйелі жұмыстың ең ірі нәтижесі. Маңыздысы сол, бұл бастама Оксфорд университеті тарихындағы бірегей қадам саналады. Әлемге әйгілі білім ордасы осы уақытқа дейін шетелде филиал да, тұрақты өкілдік те, зерттеу орталықтарын да ашпаған. Ал Астанада іске қосылатын орталық – Оксфордтың халықаралық деңгейдегі алғашқы осындай тәжірибесі. Жаңа алаң қазақстандық және шетелдік ғалымдар үшін ортақ платформаға айналып, білім беру, ғылыми сараптама және зерттеу салаларындағы серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның академиялық кеңістіктегі беделін арттырып қана қоймай, елорданы өңірлік ғылыми-хаб деңгейіне көтеруге негіз болады», дейді министр.
Осылайша, отандық студенттер үшін әлемдік деңгейдегі онлайн білімге жол ашылады. Елімізде 95 университеттің білім алушылары Оксфорд университетінің «Saïd Business School» онлайн бизнес мектебімен бірлесіп әзірленген заманауи курстарға қол жеткізе алады. Аталған жобалар «Coursera» халықаралық онлайн оқыту платформасымен ынтымақтастықты тереңдету аясында жүзеге асырылады. Бағдарламалар жасанды интеллект, технологиялық менеджмент және блокчейн, мәліметтерді желіде тізбектеп сақтау технологиясы бағыттарын қамтиды. Бұл курстар студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, жаңа технологияларды басқару мен инновациялық шешімдерді түсінуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, отандық жоғары білім жүйесі жаһандық білім кеңістігімен тығыз ықпалдаса түседі.
«Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда нақты нәтижеге қол жеткізу. Бастама аясында студенттердің білім алуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, өңірдің академиялық әлеуетін арттыру көзделген. Оқу барысын күшейту үшін қосымша білім беру материалдары, талдамалық инсайттар және ғылыми зерттеулер ұсынылады. Бұл материалдар студенттердің білімін тереңдетіп, оқу сапасын жақсартуға бағытталады. Біз жұмыстың басталуын асыға күтеміз. Серіктестік қазақстандық жоғары білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, студенттерге жаңа мүмкіндік береді деп ойлаймын», дейді Saïd Business School онлайн мектебінің атқарушы директоры Кэролайн Уильямс.
Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жүрген отандық ғалымдарды жасанды интеллект пен атом саласы бойынша тағылымдамадан өткізуге арнайы квота бөлінген. Зерттеушілер осы бағытта Оксфорд университінде білімдерін шыңдай алады.
Соңғы жаңалықтар
Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты
Ауыл • Бүгін, 09:40
Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі
Пікір • Бүгін, 09:38
Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол
Технология • Бүгін, 09:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30
Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Басылым • Бүгін, 09:28
Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:25
Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт
Әлем • Бүгін, 09:23
Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?
Мәдениет • Бүгін, 09:20
Білім • Бүгін, 09:15
Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды
Саясат • Бүгін, 09:12
Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері
Пікір • Бүгін, 09:10
Бизнес және жайлы іскерлік орта
Саясат • Бүгін, 09:07
Пікір • Бүгін, 09:05
Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қоғам • Бүгін, 08:57