Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Елімізде Oxford Hub ашылады

Елімізде Oxford Hub ашылады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Елімізде халықаралық ғылыми серіктестік кеңейіп келеді. Биыл Астанада Оксфорд университетінің зерттеу институты жұмысын бастайды. Онда студенттер мен зерттеушілерге оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 24.kz телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл елімізде «Oxford Hub» ашу жоспарланып отыр. Бұл алаң Қазақстан мен әлемге әйгілі Оксфорд уни­верситеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жоба аясында отандық академиялық ор­таға Оксфордтың кең ғылыми инфра­құрылымымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі. Ал­дағы уақытта отандық ғалымдар мен зерттеу ұйымдары Оксфорд университетінің 32 колледжі мен 100-ге жуық зерттеу институтымен бірлесіп ғылыми жобаларды жүзе­ге асыра алады. Бұл – халықара­­лық деңгейдегі зерттеулерге қатысу­ға, тәжірибе алмасуға және ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға жол ашатын маңызды қадам. Сарапшылардың пікірінше, «Oxford Hub»-тың ашылуы ел ғылымы­ның жаһандық академиялық кеңістік­ке ықпалдасуын жеделдетіп, зерттеу сапасын арттыруға және жас ғалымдардың әлеуетін кеңей­туге серпін береді. Ғылымдағы серіктестік енді декларация емес, шынайы нәтижеге жұмыс істейтін жүйеге айналады.

«Астанада тәжірибе алмасу, оқыту, консалтинг және ғылыми жобаларды бірлесе жүзеге асыру­ға жол ашылады. Бұл – кейінгі үш жарым жылда атқарылған жүйелі жұмыстың ең ірі нәти­жесі. Маңыздысы сол, бұл бастама Оксфорд университеті тарихындағы бірегей қадам саналады. Әлемге әйгілі білім ордасы осы уақытқа дейін шетелде филиал да, тұрақты өкілдік те, зерттеу орталықта­рын да ашпаған. Ал Астанада іске қосылатын орталық – Оксфордтың халықаралық деңгейдегі алғашқы осындай тәжірибесі. Жаңа алаң қазақстандық және шетелдік ға­лымдар үшін ортақ платформаға айналып, білім беру, ғылыми сараптама және зерттеу салаларындағы серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның академиялық кеңістіктегі беделін арттырып қана қоймай, елорданы өңірлік ғылыми-хаб деңгейіне көтеруге негіз болады», дейді министр.

Осылайша, отандық студенттер үшін әлемдік деңгейдегі онлайн білімге жол ашылады. Елімізде ­95 университеттің білім алушы­лары Оксфорд университетінің ­«Saïd Business School» онлайн биз­нес мектебімен бірлесіп әзірлен­ген заманауи курстарға қол жеткізе алады. Аталған жобалар «Cour­sera» халықаралық онлайн оқыту ­платформасымен ынтымақтас­тықты тереңдету аясында жүзеге асырылады. Бағдарламалар жасанды интеллект, технологиялық менеджмент және блокчейн, мәліметтерді желіде тізбектеп сақтау технологиясы бағыттарын қамтиды. Бұл курстар студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, жаңа технологияларды басқару мен инновациялық шешімдерді түсінуге мүмкін­дік береді. Нәтижесінде, отандық жоғары білім жүйесі жаһандық білім кеңістігімен тығыз ықпалдаса түседі.

«Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда нақты нәтижеге қол жеткізу. Бастама аясында студенттердің білім алуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, өңірдің академиялық әлеуетін арттыру көзделген. Оқу барысын күшейту үшін қосымша білім беру материалдары, талдамалық инсайттар және ғылыми зерттеулер ұсынылады. Бұл материалдар студенттердің білімін тереңдетіп, оқу сапасын жақсартуға бағытталады. Біз жұмыстың бас­талуын асыға күтеміз. Серіктестік қазақстандық жоғары білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, студенттерге жаңа мүмкіндік береді деп ойлаймын», дейді Saïd Business School онлайн мектебінің атқарушы директоры Кэролайн Уильямс.

Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жүрген отандық ғалымдарды жасанды интеллект пен атом саласы бойынша тағылымдамадан өткізуге арнайы квота бөлінген. Зерттеушілер осы бағытта Оксфорд университінде білімдерін шыңдай алады. 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары