Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мұнда ғалымдар мен PhD докторанттар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған диагностикалық сессиялар өткізіп, ғылыми негізделген әдістемелерді сынақтан өткізеді.
Зерттеу жұмыстарына Стэнфорд университетінің Аутизм орталығы (Stanford University Autism Center) мен Калифорния университетінің (UCLA) жетекші профессорлары кеңесші ретінде тартылған. Орталықта арнайы жабдықталған екі зертхана жұмыс істейді. Мұнда Гизелла айнасы мен бейнебақылау жүйесі орнатылған, бұл маманға баламен тікелей байланысқа түспей-ақ, оның ойын кезіндегі мінез-құлқын, қозғалыс дағдыларын және зейінін сырттай бақылауға мүмкіндік береді.
Фото: Агибай Аяпбергенов/ KazinformОрталықтың жұмыс бағыты үш кезеңнен тұрады: баланың ортаға бейімделуі, ата-ананы нұсқаулықпен қамту және тікелей оңалту сабақтары. Сонымен қатар, жоба аясында мұғалімдерге арналған интерактивті білім беру платформасы іске қосылды.
— Біз өңірлердегі мектептер мен балабақшалардан үлкен сұраныс бар екенін байқадық. Бүгінгі таңда осы платформа арқылы 300-ден астам педагог инклюзия құралдарын меңгеріп шықты. Платформаның ерекшелігі — мұнда теориямен қатар, зертханадағы сабақтарды тікелей эфирде көріп, тәжірибе жинақтауға болады. Бұл тіпті шалғай ауылдағы студентке де әлемдік деңгейдегі әдістемелерді меңгеруге жол ашады, — дейді жоба жетекшісі, Әсем Тәжиева.
Сондай-ақ, отандық зерттеушілер балалардың эмоциясын білдіруіне көмектесетін «Сезімдер әлемі» атты арнайы кітап шығарды. Бұл басылым сөйлеу қабілеті шектелген балалар үшін баламалы қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қазіргі уақытта жоба аясында жоғары оқу орындарымен бірлесіп, болашақ педагогтарды инклюзивті сыныптарда жұмыс істеуге баулитын оқу бағдарламалары енгізіліп жатыр.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ KazinformОқыту бағдарламасы «Teach for Kazakhstan» қоғамдық қорымен және Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен серіктестік аясында тексерістен өткен. Қазіргі таңда платформада 8 арнайы курс қолжетімді. Онда бейнесабақтар, квест-тапсырмалар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін интерактивті әдістер қамтылған.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ KazinformОрталық мамандарының айтуынша, зертханадағы жұмыс барысында балалардың моторикалық дағдылары мен қарым-қатынас деңгейіне қатысты маңызды деректер жинақталады. Бұл ақпараттар болашақта жасанды интеллект жүйесіне жүктеліп, әр балаға арналған дербес оңалту бағдарламасын автоматты түрде жасап шығаруға негіз болады.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform— Мұндай жобалардың маңызы зор, өйткені олар білім беруден бөлек, ерекше баласы бар отбасылардың әлеуметтік оқшаулануына жол бермейді. Егер мұғалім дайын болса, бала мектеп ортасына тез бейімделеді. Бұл — мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам, — деп атап өтті NU Impact Foundation басқарма төрағасы Саян Нюсупов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өткен болатын.