Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Елордада жаңа білім беру платформасы таныстырылды

Елордада жаңа білім беру платформасы таныстырылды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мұнда ғалымдар мен PhD докторанттар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған диагностикалық сессиялар өткізіп, ғылыми негізделген әдістемелерді сынақтан өткізеді.

Зерттеу жұмыстарына Стэнфорд университетінің Аутизм орталығы (Stanford University Autism Center) мен Калифорния университетінің (UCLA) жетекші профессорлары кеңесші ретінде тартылған. Орталықта арнайы жабдықталған екі зертхана жұмыс істейді. Мұнда Гизелла айнасы мен бейнебақылау жүйесі орнатылған, бұл маманға баламен тікелей байланысқа түспей-ақ, оның ойын кезіндегі мінез-құлқын, қозғалыс дағдыларын және зейінін сырттай бақылауға мүмкіндік береді.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Орталықтың жұмыс бағыты үш кезеңнен тұрады: баланың ортаға бейімделуі, ата-ананы нұсқаулықпен қамту және тікелей оңалту сабақтары. Сонымен қатар, жоба аясында мұғалімдерге арналған интерактивті білім беру платформасы іске қосылды.

— Біз өңірлердегі мектептер мен балабақшалардан үлкен сұраныс бар екенін байқадық. Бүгінгі таңда осы платформа арқылы 300-ден астам педагог инклюзия құралдарын меңгеріп шықты. Платформаның ерекшелігі — мұнда теориямен қатар, зертханадағы сабақтарды тікелей эфирде көріп, тәжірибе жинақтауға болады. Бұл тіпті шалғай ауылдағы студентке де әлемдік деңгейдегі әдістемелерді меңгеруге жол ашады, — дейді жоба жетекшісі, Әсем Тәжиева.

Сондай-ақ, отандық зерттеушілер балалардың эмоциясын білдіруіне көмектесетін «Сезімдер әлемі» атты арнайы кітап шығарды. Бұл басылым сөйлеу қабілеті шектелген балалар үшін баламалы қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қазіргі уақытта жоба аясында жоғары оқу орындарымен бірлесіп, болашақ педагогтарды инклюзивті сыныптарда жұмыс істеуге баулитын оқу бағдарламалары енгізіліп жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Оқыту бағдарламасы «Teach for Kazakhstan» қоғамдық қорымен және Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен серіктестік аясында тексерістен өткен. Қазіргі таңда платформада 8 арнайы курс қолжетімді. Онда бейнесабақтар, квест-тапсырмалар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін интерактивті әдістер қамтылған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Орталық мамандарының айтуынша, зертханадағы жұмыс барысында балалардың моторикалық дағдылары мен қарым-қатынас деңгейіне қатысты маңызды деректер жинақталады. Бұл ақпараттар болашақта жасанды интеллект жүйесіне жүктеліп, әр балаға арналған дербес оңалту бағдарламасын автоматты түрде жасап шығаруға негіз болады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Мұндай жобалардың маңызы зор, өйткені олар білім беруден бөлек, ерекше баласы бар отбасылардың әлеуметтік оқшаулануына жол бермейді. Егер мұғалім дайын болса, бала мектеп ортасына тез бейімделеді. Бұл — мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам, — деп атап өтті NU Impact Foundation басқарма төрағасы Саян Нюсупов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өткен болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары