Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Білім беру ісіндегі жаңа бетбұрыс

Білім беру ісіндегі жаңа бетбұрыс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ол өзінің тәжірибесімен, тың көзқарасымен өңірдегі білім сапасын арттыруға айрықша үлес қосып келеді. Мемлекет басшысының «Сапалы білім – табысты ұлт кепілі» қағидасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы Қуат Барысұлымен сұхбаттасқан едік.

– Қуат Барысұлы, сіздің басшылық қызметке келгеніңізге көп бола қойған жоқ. Осы қысқа мерзім ішінде өңірде атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталып өтсеңіз...

– Уақытпен санаспай, қысқа мерзімде бір­шама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, бі­лім саласында қордаланған өзекті мәселе көп. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі тәр­бие мен оқыту білім беру жүйесінің бас­тап­қы деңгейі саналады. Сондықтан мек­тепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңаша жос­парлаудың маңызы зор. Мәселен, Өс­кемен қаласының 83 мектепке дейінгі мекемесі наурыз айынан бастап ваучерлік қар­жыландыруға көшті. Мемлекеттік білім беру ваучері балаға белгіленеді. Соның нә­тижесінде, балабақшаға 21 мыңнан ас­там ваучер берілді. Қалған аудандардағы 93 ба­лабақшаны осы механизмге көшіру бойын­ша дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл мектепке дейінгі мекемелер 2026 жыл­дың ақпан айынан бастап ваучерлік қар­жы­ландыруға көшетін болады. Сонымен қа­тар орта білім беру саласында оқу­шылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса назар бөлінуде. Соның дәлелі, об­лыс­та­ғы 103 мектепке аппараттық-бағ­дар­ла­малық кешен орнатылды. Бұл кешен ар­қылы ата-ана баласының мек­тепке кел­генін, тамақтанумен қамтамасыз етіл­ге­нін көре алады.

Биыл 40 заманауи химия, физика, био­ло­гия, STEM, робототехника кабинеттері сатып алынды. 92 білім беру ұйымына 2,7 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ке­ле­шек мектептері» ұлттық жобасы ая­сын­да биыл 2 мектеп қолданысқа берілді. Тегін тамақтанумен 50 мыңнан астам оқушы қамтамасыз етілді. Ал шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушылардың бі­лім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бері 26 мектеп автобусы жаңартылды, қалған автобустарды жаңарту жоспар бойынша орындалатын болады. Об­лысымызда оқушылар арасында дарын­ды, талантты бала көп. Білімге құштар ба­ла­ларымыздың арқасында 2025 жылы ха­лықаралық, республикалық олим­пиа­да­лар мен жарыстарда облыстың дарынды оқу­шылар командасы жалпы 188 медаль жеңіп алды. Екі жыл қатарынан Шығыс Қа­зақстан облысының оқушылары жара­тылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша республикада ең үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Республикалық олим­пиа­дада облыс командасы үштік көшбасшылар қатарына еніп, «Үздік олимпиадалық ко­ман­да» номинациясына ие болды. Бала­лардың жетістіктері педагогтер жұмы­сы­ның нәтижесі деп білемін. Педагогтеріміз де биылғы жылы жоғары деңгей көрсетті. Об­лысымыздың 4 ұстазы «Үздік педагог» атанды.

Республикалық тамыз кеңесінде өңірі­міз­дің педагогі Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті Қ.Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды. Оқу процесімен қа­тар, тәрбие жұмысы да бірге жүреді. Биыл­ғы оқу жылынан бастап облыстың бі­лім беру ұйымдарында «Адал азамат» тәр­бие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағ­д­арламаның мақсаты – азаматтық-құқық­тық жауапкершілікті қалыптастыру, мек­теп пен отбасы арасындағы серік­тес­тікті нығайту, сондай-ақ қауіпсіз әрі қо­лай­лы білім беру ортасын құру. Бағдар­ла­мада негізгі назар «Заң және тәртіп» ба­ғытына, құқықтық сауаттылық мәсе­ле­лері­не, жеке қауіпсіздік пен кәмелетке тол­ма­ған­дар арасындағы жағымсыз көріністердің алдын алуға аударылған. «Серпін» жобасы бойынша оқыту қайта жанданды. Бағ­дар­лама аясында еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен 100 студент қабылданып, 2025 жылы жаңа мамандықтар ашылды, оларға мем­лекеттік тапсырыс бойынша 277 сту­дент қабылданды (пилотсыз авиациялық жүйелер, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, су көлігін пайдалану, төтенше жағдайларда қорғау және басқалар). Оқушылар алғаш рет Үлбі металлургия зауыты, Өскемен ГЭС және басқа да кәсіпорындардан кон­курстан тыс оқуға түсу үшін мақсатты сер­тификаттар алды. Ерте кәсіптік бағдар беру бойынша колледждермен бірлесіп мек­тептер базасында бейіндік даярлықтың 50 сыныбы ашылды. Кәсіптік білім беруді да­мыту және өнеркәсіптік кәсіп­орын­дар­мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі стратегияны іске асыру шеңберінде өңірдің 16 колледжі мен «Казцинк» ЖШС альян­сын құру туралы меморандумға қол қойыл­ды.

– Облыстың білім саласында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр екен. Жалпы, қай бағыттарға ерекше назар аударып отырсыз­дар?

– Бүгінде облыстың білім беру сала­сын­­­­­дағы басты бағыт – орта білім беру са­пасын арттыру. Сонымен қатар педагог кадр­лардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрландыру, жасанды интеллект енгізу, инклюзивті білім беруді дамыту, мате­риал­дық-техникалық базаны нығайту, оқу­шы­лардың қауіпсіздігі мен тәрбиелік жұ­мыс­тарды күшейту бағыттарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Барлық іс-шара оқушыларға сапалы, қолжетімді және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

2025 жылы маңызды деңгейдегі зият­керлік олимпиадаларға және конкурстарға 3 707 оқушы қатысып, оның 1 793 жүлдегер атан­ды. Дарынды оқушыларымыздың же­тістіктері жүйелі жұмысымыздың нәтижесі деп білемін. Облыс бойынша балаларды қосымша біліммен жалпы қамту 94%-ды құрай­ды, оның ішінде тегін үйірмелер жә­не секцияларға 84 мыңнан астам оқушы барады. Биыл жазда мектеп оқушыларының 99,9%-ы, оның ішінде көпбалалы және аз қам­тылған отбасы балалары 100% сауық­тырумен қамтылды. Жазғы демалыс ке­зеңін­де 12 қала сыртындағы лагерьлер, оның 7-і мемлекеттік, 5-і жекеменшік жә­не 270 мектеп жанындағы лагерьлер мен 204 бейінді алаңдар жұмыс істеді. 

Облысымызда 379 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 94-і – мем­лекеттік білім беру тапсырысы орна­лас­тырылған жеке меншік ұйымдар. Мек­тепке дейінгі тәрбие мен мектепке дейінгі даярлықпен 33 мыңнан астам бала қам­тылған. Қазіргі уақытта біз 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды толық қамту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бұл жұ­мыс жаңа орындарды ашу және мек­тепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту ар­қылы жүзеге асырылуда. Осы мақсатта соңғы үш жылда 1 465 орынға арналған 14 жеке балабақша ашылды.

– Өңір мектептерінің қазіргі жағдайы қандай? «Келешек мектептері» ұлттық жо­ба­сы аясында қандай жұмыстар жүзеге асып жатыр?

– 2025 жылы «Келешек мектептері» ұлт­тық жобасы аясында өңірде жалпы 3 мың оқушы орынға арналған 7 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаржыландыруы есебінен Зайсан қала­сында 300 орындық жаңа мектеп ашылды, сондай-ақ облыстық бюджет арқылы Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салынды.

Оффтейк-келісімшарт аясында 230 орын­ға арналған 4 мектептің құрылысы аяқ­талды. Яғни, Тарбағатай ауданының Тәуке ауылында – 80 орынға, Шолақорда ауы­лында – 50 орынға, сондай-ақ Мар­қа­көл ауданының Игілік ауылында және Күршім ауданының Бірлік ауылында – әрқайсысы 50 орынға арналған мектептер.

– Елімізде цифрлы жүйелердің кеңінен қолданылуы бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда шалғай ауылдарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қандай шешімдер қабылданды?

– Шалғай ауылдардағы білім беру ұйым­дарын заманауи талаптарға сай да­мыту – облыс үшін маңызды басым бағыт­тың бірі. Бұл тұрғыда интернеттің қолже­тім­ділігін арттыру, мектептердің мате­риал­дық-техникалық базасын жаңарту және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде об­лыстағы барлық 347 мектеп, яғни 100 пайыз білім беру ұйымы интернет желісіне қо­­­сылған. Ауылдық мектептердің басым бө­лігі 20 Мбит/с және одан жоғары жыл­дамдықтағы интернетпен қамтылған. Сонымен қатар Starlink спутниктік жүйесі ар­қылы шалғай елді мекендердегі 160 мек­теп кеңжолақты интернетке қосылды. Бұдан бөлек, қолжетімі қиын аймақтарда орналасқан білім беру ұйымдарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін жеткізу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

– Алтай өңірі – талантты жастар мен дарынды жасөспірімдерге бай аймақ. Өске­лең ұрпақты, жастарды қолдау, оларды қол­дау бағытында және  колледждердегі жұ­мысшы мамандықтарына бейімдеу, тех­никалық бағыттағы кадр даярлау мәселесі қалай жолға қойылып отыр?

– Шығыс Қазақстан облысының тех­ни­калық және кәсіптік білім беру жүйе­сін­де 37 колледж 101 мамандық бойынша кадр­лар даярлауды жүргізеді. Жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытумен қамту мақсатында жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. 2024 жылы колледж студент­тері WorldSkills IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, 2 алтын ме­даль, 1 күміс, 2 қола, 3 «Мамандықтағы үз­дік» медальон алды. 

2025 жылы Өскемен жоғары поли­тех­ни­калық колледжінің студенті Артем Мочинс­кий Даниядағы EuroSkills-2025-ке қа­тысу үшін республикалық командалық құрамға кіріп, «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша үздік медальонын жеңіп алды. Жұ­мысшы мамандықтар жылын өткізу жө­ніндегі Жоспарды іске асыру шең­берін­де, сондай-ақ өңір экономикасын білікті кадр­лармен қамтамасыз ету үшін 2025 жы­лы 8 жаңа мамандық ашылды. Олар «Жыл­жымайтын мүлікті басқару», «Ло­гистика», «Қашықтан басқарылатын авиа­ция­лық жүйе», «Жаңартылатын энерге­тика», «Әуе тасымалдарын ұйымдастыру», «Әуе тасымалдарына техникалық қызмет көр­сету және жөндеу», «Су көлігін пай­да­лану», «Төтенше жағдайларда қорғау» сияқ­ты сала мамандарын дайындауға ар­нал­ған.

– Жұмыс барысында қандай негізгі қағи­даны басшылыққа аласыз? Ұстаздарды, пе­дагог мамандарды қандай қасиеттері ар­қылы бағалайсыз?

– Менің жұмыс істеу стилімнің басты прин­циптері – ашықтық, жүйелілік, әділ­дік және жауапкершілік. Әрбір шешім талдау мен нақты дерекке негізделуге тиіс деп есептеймін. Сонымен қатар ұжыммен бір­лесіп жұмыс істеу, кері байланыстың болуы және нәтижеге бағытталған қызмет мен үшін маңызды. Ал ұстаздарды бағалау барысында ең алдымен кәсіби шеберлігіне, балаға деген жауапкершілігіне, педа­гоги­калық әдебіне және жаңашылдыққа ұмты­лысына назар аударамын. Нағыз ұстаз – тек білім беруші ғана емес, тұлға тәрбие­леу­­ші екенін әрдайым басты назарда ұстай­мыз. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Тілек ҚАБЫЛ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 07:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары