Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

OQU ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?

OQU ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

OQU Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бірыңғай цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жасақталып отыр. Жоба деректердің өзектілігі мен бірізділігін қамтамасыз етуден бастап, процестердің ашықтығын арттыруға дейінгі бірқатар жүйелі міндеттерді шешуге бағытталған. Бүгінгі таңда платформа арқылы бірінші сыныпқа құжат қабылдауға 105 мыңнан астам өтініш берілген. Қызметті іске қосу процесі республика бойынша кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Білім беру платформасын Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ, Bilim Group IT холдингі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесе жүзеге асырған. Ұлттық платформаның қандай міндеттерді шешетінін және оның білім беру жүйесін цифрландырудағы рөлі қандай болатынын саралап көрдік.

Мамыр айының 27-ісінен бастап елімізде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Өткен жылдарға қарағанда, биыл құжат тапсыру өңірлер бойынша кезең-кезеңімен басталып жатыр. Астана қаласы мен Абай, Жетісу облысы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарындағы ата-аналар бірінші болып мектепке құжат тапсырғандар қатарында болса, 10 маусымнан бастап мемлекеттік қызмет Алматы қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді болды. Биыл бұл қызмет OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асып отыр. Алайда бірінші сыныпқа қабылдау платформада алдағы уақытта ұсынылатын бірнеше мемлекеттік қызметтің бірі ғана болмақ.

«Бірінші сыныпқа құжат қабылдау – OQU платформасына көшірілген алғашқы ауқымды қызметтердің бірі. Бұл біз үшін өте маңызды қызмет десек болады, өйткені жыл сайын еліміз бойынша жүз мыңдаған отбасы осы қызметті пайдаланады. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл процесті айтарлықтай жеңілдеттік. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасу арқасында қажетті деректердің басым бөлігі автоматты түрде жүктеледі. Сондықтан ата-аналарға бұрынғыдай құжат жинаудың немесе түрлі жүйелерге бір ақпаратты қайталап енгізудің қажеті жоқ. Тек платформаға кіріп, мектепті таңдап, өтінім беру жеткілікті. Оған қоса, биыл платформа өңірлер бойынша кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Мұндай тәсіл жүктемені біркелкі бөлуге және құжат қабылдау науқаны кезінде жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», дейді платформа әзірлеушілердің бірі Bilim Group IT холдингінің бас директоры Александр Савченко.

Оның айтуынша, OQU ұлттық платформасы білім беру жүйесіндегі деректерді, мемлекеттік қызметтерді және негізгі процестерді өзара байланыстыратын бірыңғай цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйе мемлекетке нақты әрі ашық деректерге сүйенуге, білім беру ұйымдарына бірізді процестерді азайтуға, ал азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды

«Bilim Group бұл жобаға технологиялық және әдістемелік серіктес ретінде қатысып отыр. Біздің команда платформаны жасауға, цифрлық шешімдерді әзірлеп, енгізуге, сонымен қатар OQU-дың мемлекеттік деңгейде тиімді жұмыс істеуіне қажетті цифрлық процестерді жолға қоюға атсалысты. Платформаны әзірлеу барысында біз білім беру технологиялары саласындағы 15 жылдан астам тәжірибемізге, оның ішінде ауқымды цифрлық жобаларды іске асырудағы және инфрақұрылымдық шешімдерді құрудағы әдістемелерімізге сүйендік», дейді Александр Савченко.

Ұлттық білім беру платформасын жасақтау кезінде мемлекеттік дерекқорлармен және ақпараттық жүйелермен ықпалдасуға ерекше мән берілген. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді сенімді сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Платформа мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында дамып жатқан мемлекеттік QazTech платформасында орналастырылған. Бірыңғай мемлекеттік платформа заманауи қауіпсіздік стандарттарын, сенімділікті және сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Bilim Group әзірлеушісі және жоба жетекшісі Назир Жашибековтың айтуынша, жүйеде пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау, тұрақты техникалық мониторинг жүргізу және деректердің резервтік көшірмесін жасау тетіктері енгізілген. 

«Бүгінгі таңда OQU арқылы 105 мыңнан астам өтінім берілді. Жүйенің тиімді тұстарын ата-аналар да, білім беру ұйымдары да байқап жатыр. Қолданушылардың кері байланысын да жіті қадағалап отырмыз. Көптеген ата-ана процестің небәрі бірнеше минут алатынын, мектептің жауабы жылдам келіп жатқанын айтуда. Біздің ойымызша, бұл цифрландырудың күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналып, қызметтерді тез әрі ыңғайлы форматта алуға қалай көмектесетінінің айқын көрінісі», дейді Назир Жашибеков.

Айтып өткеніміздей, OQU платформасы тек бір қызметпен шектелмейді. Қазірдің өзінде OQU арқылы пилоттық режимде қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер ұсынылған. Алдағы уақытта платформа мектепке дейінгі, орта, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерін де қамтымақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:1449
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 15:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары