Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қаршадайынан қара жұмыспен шыңдалған Мырзатай Қойшыбаев еңбек жолын өзіне тән ауыл өмірімен байланыстырды. Ауыл шаруашылығы иниститутын бітірген жоғары білімді маман алғашқы жылдары ауылдық кеңесте қызмет етті. Кейіннен атакәсіпке оралып, заман талабына сай алдымен егін шаруашылығын қолға алды.
1992 жылы «Нақхан» шаруа қожалығын құрды. Адай жылқысын өсірумен тыңғылықты айналысып, бие байлап, қымыз дайындап, қымызды құтыға құю цехын ашты. Бүгінде шаруашылығындағы жылқы басы 400-ге таяп қалған. Жұмыс барысында қаржыға, техника, еңбек күшіне қатысты кездескен қилы қиындықты еңсере білген қайсар азамат перзенттерімен, көмекшілерімен бірге Сай-Өтес ауылы маңындағы Қаратөрткүл жайлауында кәсібін дөңгелетіп отыр.
«Айта кеткен жөн, адай тұқымды жылқы ешқашан қолдан азықтанбайды. Дала төсінде еркін жайылып өсуі себепті, еті де, сүті де құнарлы. Жылқы сауу, саумал, қымыз дайындау тәсілдері туралы мамандардың еңбектерін оқып, іздене жүріп, саумал, қымыз дайындауды қолға алдық. Қымызды бөтелкелерге құйып, арнайы штрих код жапсырып, қала маңындағы бірқатар дүкенге өткіземіз. Бұрын 5–6 мың литрге дейін өндірсек, қазір қажеттілікке қарай 2–3 мың литр ғана дайындап отырмыз», дейді М.Қойшыбаев.
Кәсіпкердің көп жылғы ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2017 жылы III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының Алғысхатымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылық саласының үздігі» белгісімен, Маңғыстау ауданының «Жылдық үздік фермері» атағымен, бірнеше мерекелік төсбелгілермен, облыс, аудан әкімдерінің алғысхаттарымен марапатталды. Былтыр жылдың аяғында осы марапаттар жүлгесі жалғасын тауып, Астанадан Президент Қ.Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін кеудесіне тағып оралды.
Отбасында алты қыз, бір ұл өсіріп, олардан немере, жиен сүйіп отырған ардақты әке, атпал азаматтың шаруашылығын одан әрі өркендетуден басқа мақсаты жоқ.
«Еңбегімді елеп, әр кез марапаттан тыс қалдырмай, облыстық, республикалық деңгейдегі мемлекеттік, мерекелік түрлі сый-сияпатпен атап өтіп жататын іс басындағы азаматтарға алғысым шексіз. Еңбекті, кәсіпті марапатқа бола жасамайсың, әйтсе де еңбектің еленгені қанаттандырады», дейді ол.
Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар
Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер
Еңбек • Бүгін, 08:17
Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік
Технология • Бүгін, 08:15
Еңбек • Бүгін, 08:12
Қоғам • Бүгін, 08:10
Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді
Экономика • Бүгін, 08:07
Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы
Ата заң • Бүгін, 08:05
Инфляция • Бүгін, 08:03
Туристік нысандардың дайындығы тексерілді
Туризм • Бүгін, 08:00
Саясат • Бүгін, 07:58
Ағаш өндірісіндегі игі бастама
Өндіріс • Бүгін, 07:55
Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық
Саясат • Бүгін, 07:53
Көмір саласы кешенді дамуға бет алды
Саясат • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды
Президент • Бүгін, 07:47
Саясат • Бүгін, 07:45