Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Суперкомпьютер орталығында «Қазгидромет» Қазақстан аумағы үшін жоғары дәлдіктегі сандық ауа райы болжамы моделін іске қосты. Бұл қадам елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін күшейтіп, қауіпті табиғи құбылыстарды ертерек ескертуге жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қазметі
Ауа райын болжау қазіргі заманғы Weather Research and Forecasting (WRF) моделі арқылы жүзеге асады. Есептеулер ҚазҰУ-дың Farabi Supercomputer Center орталығында жүргізіледі. Бұл – Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу кешендерінің бірі.
WRF моделі 2 шақырымдық кеңістіктік бөлшектеу дәлдігін қамтамасыз етеді. Яғни әрбір болжам 2 шақырым аумаққа дейінгі нақты деректерге сүйеніп жасалады. Мұндай мүмкіндік әсіресе күрделі рельефі бар өңірлер үшін аса маңызды.
Министрлік қолдаған жобаЖоба Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Суперкомпьютер іске қосылғаннан кейін «Қазгидромет» пен ҚазҰУ арасында жүйелі ынтымақтастық орнатылды.
Farabi Supercomputer Center директоры Әмірхан Темірбаевтың айтуынша, бұл – бірнеше айға созылған күнделікті еңбектің нәтижесі. Орталық мамандары есептеу түйіндерін баптап, сервер конфигурациясын оңтайландырып, модельді автоматты режимде іске қосу тетігін жолға қойған. Ал «Қазгидромет» мамандары WRF моделін жергілікті жағдайға бейімдеп, параметрлерін калибрлеп, болжам сапасын тексеріп, деректерді талдады.
WRF моделі енді күн сайын автоматты түрде іске қосылып, Қазақстан аумағы бойынша жоғары дәлдіктегі болжам ұсынады.
Қауіпті құбылыстарға ерте ескертуБолжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Жаңа жүйе әсіресе Алматы қаласы мен елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қауіпті табиғи құбылыстарды болжау сапасын арттырады. Бұл – сел, нөсер, қатты жел секілді тосын құбылыстардың алдын алу тұрғысында маңызды құрал.
Мамандардың айтуынша, атмосфералық үдерістерді дәл есептеу үшін миллиондаған операция қажет. Мұндай көлемді есептеуді қарапайым сервер атқара алмайды. Сондықтан суперкомпьютер – тек ғылыми жоба емес, ұлттық деңгейдегі стратегиялық инфрақұрылым.
Алдағы уақытта бұл есептеу қуаттары ауа райынан бөлек, су тасқыны, лай көшкіні, климат өзгерісі, ауа сапасы және қалалардың сандық модельдерін жасауға пайдаланылмақ.
Жуырда «Қазгидрометтің» ресми сайтында «Сандық ауа райы болжамы» атты жаңа бөлім ашылады. Онда пайдаланушылар модель нәтижелерімен және Қазақстан аумағы бойынша жасалған болжам карталарымен таныса алады.
Сөйтіп, жоғары технология мен ғылым жетістігін ұштастырған бұл бастама елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайтып, ерте ескерту жүйесін жаңа деңгейге жоғарылатады.
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Соңғы жаңалықтар
Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:50
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Қоғам • Бүгін, 10:42
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 10:23
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 10:10
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Қоғам • Бүгін, 10:03
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:51
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:48
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Ауа райы • Бүгін, 09:34
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:24
Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?
Денсаулық • Бүгін, 09:13
Көпбалалы отбасыларға қамқорлық
Қоғам • Бүгін, 09:05
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Кәсіпкер • Бүгін, 09:00
Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50