Енді ел тұрғындары БАӘ де өз жүргізуші куәлігімен жүре алады

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Ашық дереккөз

Меморандум екі ел азаматтарына жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен айырбастауға мүмкіндік береді. Алайда құжат екі тарап қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді.

ІІМ мәліметінше, бұл келісім әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, екі ел азаматтарына қолайлы болмақ.

«Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың ел тұрғыны барады, ал 14 мыңға жуық отандасымыз осы елде тұрақты тұрады. Жаңа меморандум олардың жүргізуші куәліктерін пайдалану мен айырбастау үдерісін едәуір жеңілдетпек», делінген ІІМ хабарламасында.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Еске сала кетейік, ел тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құжаты мен нөмірін тапсырыспен үйіне алдыра алады. Таяуда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа қызметті іске қосты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью