Енді ел тұрғындары БАӘ де өз жүргізуші куәлігімен жүре алады
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Ашық дереккөз
Меморандум екі ел азаматтарына жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен айырбастауға мүмкіндік береді. Алайда құжат екі тарап қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді.
ІІМ мәліметінше, бұл келісім әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, екі ел азаматтарына қолайлы болмақ.
«Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың ел тұрғыны барады, ал 14 мыңға жуық отандасымыз осы елде тұрақты тұрады. Жаңа меморандум олардың жүргізуші куәліктерін пайдалану мен айырбастау үдерісін едәуір жеңілдетпек», делінген ІІМ хабарламасында.
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді
Еске сала кетейік, ел тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құжаты мен нөмірін тапсырыспен үйіне алдыра алады. Таяуда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа қызметті іске қосты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















