Енді шетелдіктер елімізде суррогат ана болу қызметін пайдалана алмайды

15.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Заң бойынша суррогат анамен жасалатын келісім міндетті түрде жазбаша рәсімделіп, нотариус арқылы куәландырылуы тиіс. Сонымен бірге тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар көмекші репродуктивтік технологияларды жүзеге асыратын медициналық ұйыммен де жеке шарт жасасуға міндетті.

Суррогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?

Суррогат ана қызметіне жүгінген жұп оның медициналық тексерілуіне, репродуктивтік технологияларды қолдануына және жүктілікке байланысты барлық шығынды өз мойнына алады. Сондай-ақ олар денсаулық жағдайы мен медициналық-генетикалық тексеру қорытындыларын ұсынуы қажет.

Бұдан бөлек, тапсырыс берушілер суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын төлеуге міндетті. Егер жүктілік немесе босану кезінде асқынулар туындаса, бұл мерзім 70 күнге дейін ұзартылады.

Қазақстанда жыл басынан бері туу көрсеткіші төмендеді

Айта кетейік, суррогат ана қызметін шетел азаматтарына шектеу мәселесі 2025 жылдың соңында Мәжілісте көтерілген болатын. Депутаттар бұрынғы заңнама Қазақстанда балалардың азаматтығына қатысты құқықтық даулардың туындауына себеп болып отырғанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда жыл басынан бері туу көрсеткішінің төмендегенін мәлімдеді. Зерттеулерге сүйенсек, өткен жылы бір отбасына шаққандағы балалардың орташа саны 1,1 деңгейінде сақталып келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью