Енді шетелдіктер елімізде суррогат ана болу қызметін пайдалана алмайды
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Заң бойынша суррогат анамен жасалатын келісім міндетті түрде жазбаша рәсімделіп, нотариус арқылы куәландырылуы тиіс. Сонымен бірге тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар көмекші репродуктивтік технологияларды жүзеге асыратын медициналық ұйыммен де жеке шарт жасасуға міндетті.
Суррогат ана қызметіне жүгінген жұп оның медициналық тексерілуіне, репродуктивтік технологияларды қолдануына және жүктілікке байланысты барлық шығынды өз мойнына алады. Сондай-ақ олар денсаулық жағдайы мен медициналық-генетикалық тексеру қорытындыларын ұсынуы қажет.
Бұдан бөлек, тапсырыс берушілер суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын төлеуге міндетті. Егер жүктілік немесе босану кезінде асқынулар туындаса, бұл мерзім 70 күнге дейін ұзартылады.
Айта кетейік, суррогат ана қызметін шетел азаматтарына шектеу мәселесі 2025 жылдың соңында Мәжілісте көтерілген болатын. Депутаттар бұрынғы заңнама Қазақстанда балалардың азаматтығына қатысты құқықтық даулардың туындауына себеп болып отырғанын айтқан еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда жыл басынан бері туу көрсеткішінің төмендегенін мәлімдеді. Зерттеулерге сүйенсек, өткен жылы бір отбасына шаққандағы балалардың орташа саны 1,1 деңгейінде сақталып келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 16:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















