Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Суррогат ана: шетелдіктер шектеледі

Суррогат ана: шетелдіктер шектеледі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қаржыға мұқтаж әйел «8-9 миллион теңге береміз» деген суррогат ана жарнамасына сеніп, кейбірі алданып қалуда. Шетелдіктердің Қазақстанға қызығуының да себебі бар. Өйткені біздегі суррогат ана нарығы арзан әрі қолжетімді. Алайда осы «ыңғайлылықтың» артында шешілмеген даулар, тағдыр тәлкегіне түскен балалар мен құқықбұзушылық тұр.

Жақында Премьер-министрдің орын­басары Қанат Бозымбаев қазақстандық әйелдерге шетел азаматтары үшін суррогат ана болуға тыйым салынатынын мәлімдеді. Былтыр жыл соңында депутат Гүлдара Нұ­рымова суррогат ана тақырыбында бірқатар шара қабылдап, соның ішінде қазақстандық суррогат аналардың қызметін шетел азамат­тарына көрсетуге тыйым салуды ұсынған еді. Оның айтуынша, реттеудің салыстырмалы түрде жеңіл болуы Қазақстанды репродуктивтік туризм үшін тартымды елге айналдырып отыр. 

– Халықаралық суррогат ана болу рә­сімінде ата-аналықты анықтау, азаматтық беру және баланы заңды түрде тану мәсе­лелеріне байланысты даулар мен сот процестері жиі туындайды. Ең үлкен қауіп – ата-аналықтың өзара танылмауы, бұл баланың азаматтығы болмауына немесе құқықтық мәртебесінің белгісіз болып қалуына әкелуі мүмкін, – деді ол депутаттық сауалында.

Балалар тауар емес

Бұл ұсынысқа Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді. Ол бүгінде қазақстандық суррогат аналардың қызметін еліміздің азаматтары да, шетелдіктер де қолдана алатынын растады. Оның сөзінше, осыған байланысты халықаралық суррогат ана болу тәжірибесінде түрлі қақтығыс пен сот процесі жиілей бастаған. Сондықтан тапсырыс беруші мен қыз-келіншектер арасындағы келісімді жасайтын рекрутингтік агенттіктерге лицензия беру мәселесі де көтерілді. 

– Бүгінде суррогат ана қызметтерін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсету нормасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Түзетулерді Денсаулық сақтау министрлігі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске әзірледі және қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында. Келісуден өткеннен кейін бұл түзетулер белгіленген тәртіппен Парламентке енгізіледі, – деді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова реттеудің салыстырмалы түрде жеңіл болуы Қазақстанды репродуктивтік туризм үшін тартымды елге айналдырып отырғанын айтқан болатын. Себебі көршілес елдердің көпшілігінде (Ресей, Қытай), сондай-ақ бірқатар дамыған мемлекетте (Германия, Франция) суррогат аналыққа толық тыйым салынған немесе коммерциялық СА-ға, сондай-ақ шетелдіктерге қызмет көрсетуге қатаң шектеулер қойылған. 

– Трансшекаралық суррогат аналықтың бақылаусыз дамуына тап болған Грузияның тәжірибесі бұл қауіптердің шынайылығын көрсетеді. Қаржылық қиындықтарға бай­ланысты жас әйелдердің суррогат ана бағдар­ламаларына қатысуы жаңа туған баламен қоштасуға байланысты ауыр психологиялық салдарлар мен жарақаттар қаупін тудырады. Қомақты қаржы айналымы балалардың тауарға айналу қаупін күшейтеді, ал әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қанау адам саудасының жаңа түрі ретінде бағалануы мүмкін, – деді Гүлдара Нұрымова.

Депутаттың пікірінше, кейінгі үш жылда шетелдік агенттіктердің қазақстандық ЭКО-клиникалармен ынтымақтастыққа белсенді қызығушылық танытуы қазақстандық әйелдердің биоматериалын коммерциялық мақсатта әдейі пайдалану бар екенін көрсетеді. Бұл ретте әйелдер денсаулығына төнетін қауіпті әрдайым толық түсіне бермейді, ал бұл ұлт саулығына зиян келтіруі мүмкін. Шетелдік агенттіктердің қызметі уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан реттелмейді және бақылауға алынбаған, себебі олар медициналық ұйым болып саналмайды. Мұндай бақылаусыздық нәрестелерді заңсыз саудалау арналарының пайда болу қаупін арттырады. 

Нұрымова клиникалар мен агенттіктерді міндетті түрде лицензиялау және олардың ашық тізілімдерін жариялау қажет еке­нін ұсынды. Сондай-ақ суррогат ана болу­шылар арасындағы нотариалды келісім­шарттарды цифрлық құралдар арқылы есепке алу және оларды нотариаттық кеңселердің ақпараттық жүйелеріне интеграциялау жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.

Тыйым салу мәселені шешпейді

«Болашақ» суррогат ана орталығының негізін қалаушы Дамира Шоқанқызының айтуынша, бүгінде үлкен проблема – қазақстандық қыз-келіншектердің шетелге барып суррогат ана болуы. Өз елінде шектеулер күшейсе, олар бұл қызметті шекара асып атқаруға мәжбүр болады. Алайда басқа мемлекеттерде олардың құқықтары тиісті деңгейде қорғалмайды. 

– Көп жағдайда мұндай әйелдер шетелде заңды мәртебеге ие емес, уақытша жұмыс істейтін адамдар ретінде қарастырылады. Кейбірі уәде етілген ақшаны толық ала алмайды, ал босанғаннан кейін денсаулығын қалпына келтіруге кететін шығындар мүлде төленбейді. Медициналық бақылау әлсіз, келісімшарт талаптары бұзылады, ал даулы жағдайда әйел жалғыз қалады, – дейді Дамира Шоқанқызы. 

Егер Қазақстанда суррогат аналарға арналған бірыңғай реестр енгізілсе және бақылау күшейсе, кейбір әйелдер ел ішінде тіркеліп жұмыс істегісі келмеуі мүмкін. Себебі шетелде көбірек табыс уәде етіледі. Бірақ ол жақта ешқандай нақты кепілдік жоқ: не заңдылық, не денсаулыққа толық жауапкершілік қарастырылмаған. Маман­дардың айтуынша, мәселені тек тыйым салу арқылы шешу мүмкін емес. Керісінше, суррогат аналықты заңды түрде реттеп, ашық бақылау жүйесін құру қажет. Сонда әйелдер өз елінде заң аясында, медициналық және әлеуметтік кепілдіктермен жұмыс істер еді. 

– Бұл – тек заң мәселесі емес, әйелдердің қауіпсіздігі мен денсаулығына тікелей қатысты жағдай. Сондықтан суррогат аналық са­ласындағы кез келген реформа ең алдымен адам құқығын қорғауға бағытталуы тиіс, – деді орталық басшысы. 

Дамира Шоқанқызының айтуынша, қазақ қоғамы суррогат анаға әлі де дұрыс көзқарас қалыптастырмаған. Көп жағдайда оларды кінәлап, теріс пікірмен қарайды. Қоғамда суррогат аналарды ер адаммен физикалық байланыста болып, кейін өз қанынан жаралған баланы басқа отбасына сатады деген жаңсақ түсінік бар. Ал шын мәнінде, көпшілік бұл қызметтің жауапкершілігі мен қиындығы өте жоғары екенін ескере бермейді.

– Аймақтарда суррогат ана қызметі үшін 6 миллион теңге төленсе, Астана мен Алматы қалаларында бұл сома 7-8 миллион теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар жүкті кезеңде анаға ай сайын 200-400 мың теңге көлемінде еңбекақы беріледі. Шетел азаматтарынан суррогат ана қызметіне сұраныс өте көп деп айта алмаймын. Біздің орталыққа мұндай ұсыныстар шамамен жарты жылда бір рет қана түседі. Қазақстанда суррогат ана қызметі заңды болғандықтан, көбіне шетелге қоныс аударған отандастарымыз хабарласады. Олар басқа елдің азаматымен отбасын құрса да, баласының Қазақстанда дүниеге келгенін қалайды, – дейді Дамира Шоқанқызы.

Айта кету керек, денсаулығы жақсы, 34 жасқа дейінгі әйелдер ғана суррогат ана бола алады. Заң бойынша, ол баланы дүниеге әкелген кезде 35 жасқа толмауы тиіс. Сонымен қатар суррогат ана болмас бұрын кемінде бір баланы табиғи жолмен өмірге әкелген болуы және ешқашан түсік жасамаған болуы міндетті.

– Біз суррогат ана болған барлық әйелмен үнемі байланыстамыз. Олардың бірі баспана алу үшін қаражат жинап, ипотеканың алғашқы жарнасын төлеп, үйлі болады, енді бірі қарыздарын жабады. Барлық әйелдің білімі бар, көпшілігі негізгі жұмысымен қатар суррогат ана қызметін де қатар алып жүреді. Әйелдің қанша рет суррогат ана болатыны оның денсаулық жағдайына байланысты. Заңнамада бұл мәселеге қатысты нақты шектеу жоқ. Алайда біздің орталықта табиғи жолмен босанған көпбалалы аналарды алты реттен артық қабылдамаймыз, – дейді орталық басшысы.

Шынында да, суррогат ана болуға кез келген әйел еріккеннен бармайды. Тоғыз ай бойы өз тәнінде өзге біреудің баласын көтеру – оңай емес. 

Көктем ҚАРҚЫН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 06:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары