24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Елде энергетика және коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға 13,5 триллион теңге бөлінеді.
Қаржының басым бөлігі коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ. Бұл шамамен 7 триллион теңге. Энергетика саласын жаңартуға 6 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылса, 600 миллиард теңге автоматтандыруға және заманауи есептеу құралдарын орнатуға бағытталады. Сабақты ине сәтімен болса, жылу желілерінің тозу деңгейі 52%-дан 42%-ға, ал электр желілерінде 76-ден 45%-ға дейін қысқаруы тиіс. Сондай-ақ сумен жабдықтау желілерінің жай-күйі жақсарады. Ұлттық жоба коммуналдық қызметтердің сапасын арттырып, апат санын азайтуды көздейді.
Инвестиция – ₸13 трлн 588 млрд
Энергетикалық сектор – ₸6 трлн 208 млрд
Коммуналдық сектор – ₸6 трлн 778 млрд
Автоматтандыру және есептеу құралдарымен жабдықтау – ₸602 млрд
Жылумен жабдықтау – 52%-дан 42%-ға дейін
Электр энергиясымен жабдықтау – 76%-дан 45%-ға дейін
Сумен жабдықтау – 40%-дан 33%-ға дейін
Су бұру жүйесі – 56%-дан 41%-ға дейін қысқарады